Сырым аудандық сотының тұрмыстық зорлық  зомбылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде

Сырым аудандық сотының тұрмыстық зорлық зомбылықтың алдын алу жұмыстары жөнінде

 

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық сотында 27.04.2020 жылы «Зорлық зомбылыққа жол жоқ!» атты тұрмыстық зорлық зомбылықтың профилактикасы бойынша жұмыс тобының құрамы жасақталып, оған облыстық сотпен бекітілген іс-қимыл алгоритімін жұмыста пайдалану үшін жолданылды. 18.06.2020 жылы жұмыс тобының үшінші отырысы өткізіліп, алгаритм бойынша атқарылған және атқарылатын жұмыстар талқыланды.

Сырым ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері бойынша аудан әкімінің келісімімен және 2019-2020 жылдағы ішкі істер бөлімінің күн сайынғы сводкасына мониторинг жүргізу арқылы аудан орталығынан және ауданға қарасты 12 ауылдық округтен қолайсыз 37 отбасы санын анықтады.

Қазіргі таңда жоғарыда көрсетілген қолайсыз отбасылар тізімі ауылдық округтерге таратылып, әрбір қолайсыз отбасының әлеуметтік жағдайы туралы ақпараттар жинақталды. Талдау бойынша некеге отырған отбасылар саны – 22, азаматтық некедегі отбасылар саны – 6, ажырасқан отбасылар саны – 6.  

17 отбасының көгілдір отын кіргізілген жеке тұрғын үйлері, ірі қара малдары бар, 2 некедегі отбасы – коммуналдық үйде, 3 некедегі отбасы – жалдамалы үйде тұрады.

Некедегі 13 отбасы - АӘК алады, 17- жұмыссыз отбасылар саны. Оның ішінде биржаға тіркелген азаматтар саны – 19. Осы тізімдегі қолайсыз отбасылар қазіргі кезде учаскелік полиция инспекторларының бақылауында.

         Ауылдық округтердегі жұмыстарға келетін болсақ ағымдағы жылдың маусым айының 5-ші жұлдызы күні Бұлдырты ауылдық округінің әкімі аппаратында тұрмыстық зорлық зомбылыққа қарсы қолайсыз отбасылармен жекелей кездесу жиыны өтті. Жиынға округ әкімі Е.Макашев, аудандық мәслихат депутаты, медиатор - Б.Таскалиев, келісім кеңесінің төрағасы, медиатор - Е.Мырза, ардагерлер кеңесінің төрағасы, би - А.Дабаров, аналар кеңесінің төрайымы - Б.Жалмухамбетова, ауылдық учаскелік полиция инспекторы Ж.Аязбаев қатысты. Жиын барысында қолайсыз деп танылған екі отбасының азаматтарымен жекелей әңгіме өрбіп, жанұя шырқын бұзу істерінің қате екендігі түсіндіріліп, алдағы уақытта жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту шаралары да пысықталды.

Сырым аудандық соты некені бұзу және алимент өндіру туралы азаматтық іс бойынша екі отбасы бойынша ерлі-зайыптарды татуластырды. 

         Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту жұмыстары бойынша Бұлдырты ауылдық округіндегі бір қолайсыз отбасы мүшесі биржа арқылы жұмысқа тартылды. Алғабас ауылдық округі бойынша бір азамат шаруа қожалыққа жұмысшы қызметіне алынды. Шолақаңқаты ауылдық округі бойынша бір азаматша «Еңбек-балапан» бағдарламасы бойынша 160 балапан, 120 тауық, 4 сетка, тоңазытқыш алып құс өсіру кәсібін бастауда. Бір азаматша ақылы қоғамдық жұмыста жүр. Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа  тарту бойынша түсіндіру жұмыстары әр округте жекелей кездесулер арқылы және мемлекеттік бағдарламалар арқылы несие алып жеке кәсібін ашу мүмкіндіктері туралы жұмыстар жүргізілуде.

 

Сырым аудандық сотының судьясы    

Т.К.Ниязов

        

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.