Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылықтың алдын-алу
Бәйтерек аудандық сотында медиаторлар мен билердің, мемлекеттік мекеме, үкіметтік емес ұйымдары қызметкерлерінің қатысуымен «Зорлық - зомбылыққа жол жоқ!» атты жұмыс тобының онлайн форматында жиналысы өткізілді.
Жиында тұрмыстық зорлық-зомбылық көріністерін жою, жұмыс тобымен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алуға арналған іс-шараларды жүзеге асыру алгоритімін қолдану мәселелері айтылды.
Жиын барысында топ басшысы судья Амангелді Тюлегенов соңғы уақытта бірқатар, оның ішінде рухани-адамгершілік, әлеуметтік–экономикалық себептеріне, елімізде карантин, төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқықбұзушылық жағдай күрделене түсуде. Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтың алдын-алуы түрлі іс-шаралардың кең кешенін жүзеге асыруды қамтиды. Бастысы тәрбие сипатында. Тұрмыстық құқықбұзушылықтың сәтті алдын-алуы тек тұрғылықты жері бойынша арнайы тәрбие және өзге де іс-шаралар өткізу жолымен қамтамасыз етілмейтінін ерекше атап өткен жөн, бірақ, олар өте қажет болып табылғанымен, ең бастысы-мәдениеттің, жалпы сананың өсуі,- деп айтты.
Оған қоса, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен сәтті күресуге мемлкеттік мекеме, үкіметтік емес ұйымдардың, медиаторлар мен билердің біріккен күшінің нығаюы септігін тигізеді,- деп атап өтті.
Іс-шара соңында қатысушылармен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу іс-шаралары алгоритімі, жұмыс тобының алдағы уақытқа жоспары талқыланды.
Батыс Қазқстан облысы Бәйтерек аудандық сотының кеңсе меңгерушісі
Т.Макишев
[xfvalue_img]