«Атқарушылық жазбаны қолдану мәселелері» туралы
Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының ғимаратында онлайн режимінде WhatsApp мессенджері арқылы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 6 мамырдағы №9 қаулысымен бекітілген төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты сот тәжірибесінің жекелеген мәселелері бойынша №1 түсіндірмесінің мәнін насихаттауға орай және атқарушылық жазба туралы дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге: Ақжайық ауданының №2 аудандық сотының судьясы В.Ш.Адушева, Ақжайық аудандық прокуратураның прокуроры М.Р.Өтемісов, Тайпақ ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Б.Дуйсенбаева, кәсіпқой емес медиатор Ғ.Адилова, жеке нотариус Ж.Б.Умралиева қатысты.
Сот төрағасы Т.С.Гумарова COVID-19 пандемиясының азаматтардың мүдделеріне теріс әсерін мүмкіндігінше төмендету үшін қолданылып отырған шаралар туралы, төтенше жағдай салдарынан туындаған дауларды сотқа дейін және сотта шешу тәртібі туралы баяндады.
Сонымен қатар, сот төрағасы атқарушылық жазба дауды соттан тыс реттеудің әдісі болып табылатынын, Қазақстан Республикасының «Нотариат туралы» Заңына 2015-2019 жылдар аралығында енгізілген өзгерістерге байланысты атқарушылық жазба арқылы шешілуге жататын даулардың санаттары көбейгенін, яғни атқарушылық жазба қолдану аясы кеңейгенін, дауды соттан тыс реттеудің тәртібін сақтамау талап қоюшының арызын қайтаруға негіз болатынын түсіндіріді.
Атқарушылық жазбаны қолдану туралы заң нормаларының жүзеге асырылуы бойынша Тайпақ ауылдық округі әкімшілігінің бас маманы Б.Дуйсенбаева және нотариус Ж.Б.Умралиева жергілікті атқару органдары мен коммуналдық қызмет көрсететін мекемелердің атқарушылық жазба жасау үшін жүгіну мәселелеріне тоқталып өтті.
Іс шара соңында қатысушылар іс қарау барысында және тәжірибеде туындауы мүмкін сұрақтар бойынша ойларын ортаға салып, өзара пікір алмасты.
А.А.Масенова.
Ақжайық ауданының №2 аудандық
сотының бас маманы
[xfvalue_img]
18 пікір