Швед соты мәжбүрлеу шараларын орындау туралы қате шешімнің күшін жойды

Швед соты мәжбүрлеу шараларын орындау туралы қате шешімнің күшін жойды

2020 жылғы 17 маусымда Стокгольмдегі Свеа апелляциялық соты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қатысты мәжбүрлеу шараларын орындау туралы қате шешімнің күшін жойды. Қазақстан Республикасы мен Ұлттық банк сот талқылауы барысында алдау жолымен алынған төрелік шешімге негізделген мәжбүрлеу шараларына қарсылық көрсетті. Алаяқтық шешімді орындауға ұмтылатын тараптар – Молдова бизнесмендері Анатолий және Габриэль Стати, сондай-ақ, олардың Ascom Group S.A. (Молдова) және Terra Raf Trans Traiding Ltd (Гибралтар) компаниялары.

Швед апелляциялық сотының 2020 жылғы 17 маусымдағы қаулысы 2017-2019 жылдары Швед атқарушы органы мен бірінші инстанциядағы Швед соты шығарған әртүрлі шешімдердің күшін жояды. Бұл шешімдердің арқасында Стати Қазақстан Ұлттық Банкі үшін Банк Нью-Йорк Меллон сенімгерлік басқаруындағы Швециядағы Қазақстан Республикасына тиесілі болуы мүмкін активтерге тыйым салды, содан кейін олардың сатылуына қол жеткізді. Нәтижесінде 90 миллион АҚШ долларына жуық сомаға активтер босатылады.

Бұл қаулы Статиге Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Ұлттық банкіне 4,3 миллион АҚШ долларына жуық (1,7 млрд теңгеден астам) шығыстарды өтеуді бұйырады.
Свеа апелляциялық соты өз шешімінде орталық банктің мүлкі әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес мәжбүрлеу шараларынан иммунитетке ие екендігі туралы мемлекеттік иммунитетке қатысты Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі келтірген дәлелдерін қабылдады.

Бұл шешім Швецияның мемлекеттік иммунитетке көзқарасы Біріккен Ұлттар Ұйымының Мемлекеттердің юрисдикциялық иммунитеттері және олардың меншігі туралы конвенцияның 21-бабында айтылған пікірмен сәйкес келетінін растайды. Шешім Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры сияқты егемен қорға жататын орталық банктің меншігі әдеттегі халықаралық құқыққа сәйкес мәжбүрлеп орындаудан иммунитетпен әрдайым пайдаланатынын білдіреді Сондай-ақ, қаулыда мемлекет экономикасын басқару егеменді билікті жүзеге асыру шеңберіндегі акт ретінде қарастырылуы тиіс деп айқындалады.

"Свеа апелляциялық сотының шешімі Қазақстан Республикасы мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Стати тарапынан кез келген жалғасып келе жатқан құқық қолдану әрекеттеріне қарсы тұру үшін ұтымды жағдайда тұрғанын растайды. Сондай-ақ, онда халықаралық жария құқыққа сәйкес егеменді қорлардың активтерін қорғауды орталық банктер жүзеге асыратыны түсіндіріледі", - деді Әділет министрі Марат Бекетаев.

Қазақстан Республикасының мүдделерін Mannheimer Swartling және Herbert Smith Freehills LLP заң фирмалары білдірді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.