АНГЛИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТЫ АМЕРИКАЛЫҚ БАНКТІҢ ЖАРТЫ МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТИВТЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАРАСТЫРАТЫН БОЛАДЫ

АНГЛИЯНЫҢ ЖОҒАРЫ СОТЫ АМЕРИКАЛЫҚ БАНКТІҢ ЖАРТЫ МИЛЛИОН АҚШ ДОЛЛАРЫН ҚҰРАЙТЫН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АКТИВТЕРГЕ ТЫЙЫМ САЛУ ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚАРАСТЫРАТЫН БОЛАДЫ

2018 жылғы 4 желтоқсанда Коммерциялық соттың судьясы Тир мырза аталған дауды қарастыруға англиялық соттың юрисдикциясы жоқ деген екі молдовалық олигархтың (Анатолий және Габриель Стати), сондай-ақ Ascom Group SA және Terra Raf Trans Traiding Limited («Стати») өтінішін қабылдамай тастады. Бұдан бұрын ҚР Ұлттық қорының қаражатына бельгиялық соттың бұйрығы негізінде тыйым салынған болатын. Қазақстанның айтуынша, бұл шешім Статидің күрделі алаяқтық тәсілі арқылы жүзеге асқан.

Сот талқылауы Статидің пайдасына шығарылған шведтық төрелік шешімді орындауға қатысты ұзаққа созылған талас-тартыстың бір бөлігі болып табылады.

Статидің Англияда Төрелік шешімді орындау туралы сот процесін бастағаны мәлім. Алайда Англиядағы сот талқылауында Статидің алаяқтық фактілері қарастырылатыны белгілі болғанда, олар өз талап-арыздарынан бас тартты. Осылайша, Судья Ноулз «Төрелік шешім алаяқтық жолмен алынғандығы жөнінде айтарлықтай сенерлік дәлелдер бар» деген қорытындыға келіп, аталған мәселе бойынша сот талқылауын белгіледі. Талап- арызды кері қайтарып алудың нәтижесінде, Статиге істі аяқтауға рұқсат етілді, алайда Стати Англия және Уэльстің аумағында одан әрі орындау әрекеттерін қабылдамайтындығы жөнінде келісім беруі керек болды.

Стати BNYM лондондық филиалында сақталған активтерге «алдын ала» тыйым салу туралы бельгиялық соттың бұйрығын алғаннан кейін Ұлттық қордың шоттары бұғатталды. Олардың мәлімдегені, активтер келісімшарт тарабы болып табылатын ҚР Ұлттық банкіне емес, Қазақстан Республикасына тиесілі. Бастапқыда BNYM жалпы сомасы 22 млрд АҚШ долларын құрайтын активтерге тыйым салды, алайда ақырында сома 530 млн АҚШ долларына дейін азайтылды.

Қазақстандық тарап лондондық BNYM филиалының Қазақстан Республикасының алдында міндеттері жоқ екенін мәлімдеп, бельгиялық сотта алдын ала тыйым салуға қатысты шағым білдірді. Бельгиялық соттың 2018 жылдың 25 мамырындағы шешіміне сәйкес, ағылшын соты «бұл сұрақты қарауда құзыретті сот болып табылады».

Бұл шешім шыққаннан кейін ҚР Ұлттық банкі америкалық банктің лондондық филиалындағы тыйым салынған активтер мемлекетке емес, ҚР Ұлттық банкіне тиесілі екені туралы соттың ұйғарымын алу мақсатында ағылшын сотында сот процесіне бастама жасады. Осының негізінде активтерге тыйым салынбау керек болатын.

Стати көптеген дәлелдер келтіру арқылы ағылшын сотының юрисдикциясын қабылдамау жөнінде өтінішпен жүгінді. Өтінішті қарастырған Судья Тир барлық дәлелелерді қабылдамай тастады. Ол «Бұл жағдайда…   орындау өндірісін жүргізген бельгиялық сот ағылшын соты мәселені мәні бойынша қарастыру үшін құзыретті сот болып табылады» деген қорытындыға келді.     Ол «ағылшын соты анықтау керек негізгі сұрақ – бұл «[BNYM, Лондон] ҚР атынан қандай активтерді, егер осындай активтер бар болатын болса, сақтайды?» деген сұрақ болуы керек деп шешті. Сонымен қатар, оның атап өткені, «Осылайша, бұл мәселені шешу тыйым салу жөніндегі Бельгиядағы сот талқылауына «айтарлықтай» әсер ететін болады».  

Бұл шешім бойынша ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев былай деді:

Стати Англияда алаяқтық фактілерін қарастырудан құтылып кете алғандарына қарамастан, қазір олар ағылшын юрисдикциясынан қашып кете алмай отыр. Олар алаяқтық әрекеттер Англияда әшкерелетінінен қауіптеніп отырғандары байқалып тұр. Сол себепті олар үшін сот процестерін Англиядан өзге кез-келген жерде өткізу ыңғайлы. Стати қандай да бір әрекет пен қадамдар жасамаса да, жақын уақытта сот әділдігі Қазақстанның күрделі алаяқтық тәсілдің құрбанына айналғанын көрсететін болады. Біз Статидің шынайы бейнесі ашылатын кезді асыға күтіп отырмыз. Бұл Англияда болуы ықтимал”.

Қазақстан өз талаптарының Англияда біржола расталуын және BNYM-нің сақтауындағы ҚР Ұлттық банкінің қалған активтерінің босатылуын күтуде.

Мүдделерді білдіру

Ұлттық банк пен Үкіметтің мүдделерін Stewarts Law LLP (Йанн Гатт және Фиона Джилетт) заң фирмасы, 3VB палатасының адвокаттары -– Али Малек пен Уиллиам Эдвард білдіреді.

Статидің мүдделерін King&Spalding LLP (Эгише Джазоян) заң фирмасы, Том Спрандж, Бен Уиллиамс және Кабир Бхала деген адвокаттар білдіреді.

BNYM лондондық филиалының мүдделерін Linklaters компаниясы білдіреді.

 

ҚР Әділет министрлігінің баспасөз қызметі  басқармасы 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.