Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау туралы семинар
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық сотында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықты болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің БҚО бойынша Департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллиннің қатысуымен семинар сабағы бейнебайланыс (TrueConf) арқылы өткізілді. Семинар сабағына кеңсе меңгерушісі және сот мамандары қатысты.
Біржан Хайруллин өз сөзінде әрбір мемлекеттік қызметкердің Республиканың заңдарын басшылыққа алып, сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұра білуі тиіс екенін атап өтті. Сыбайлас жемқорлық заңды бұзушылық ретінде ғана емес, ол біздің еліміздің дамуына қауіп төндіретін қатер ретінде қабылдануы тиіс.
Сабақ барысында, мемлекеттік қызметшілердің республика бойынша жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікке тартылғаны жөнінде статистикалық мәліметтер айтылды.
Семинар сабағының соңында қатысушылар аталған тақырып бойынша пікір алмасып, туындаған сұрақтарды талқыға салды.
Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]