Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сот жүйесіндегі жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша соттың кеңсе меңгерушісі Фазила Танатованың төрағалығымен семинар өткізілді.
Сот мамандарына өткізілген семинар барысында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – ортақ парыз» тақырыбында баяндама оқыған аға сот приставы Уәлихан Қайырмұхамбетов бүгінгі қоғамдағы басымдықтардың бірі және сот жүйесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің басты жолы – ашықтық пен жариялылық екенін атап өтті. Мемлекеттік ұйымдардағы әрбір қызметкер республиканың заңдарын басшылыққа алып және жемқорлық әрекеттерге қарсы тұра алуға міндетті екендіне тоқталды.
Семинар қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықпен күрес және әдеп нормаларын сақтау мәселелері сындарлы пікір алмасу орын алды.
Олеся Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]