Сотта отбасы дауларын және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелері талқыланды
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында отбасылық даулар және тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша дөңгелек үстел өтті.
Оның жұмысына Орал қаласының №2 сотының және мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары, БҚО бойынша ІІД өкілдері, «Адам құқықтары мен заңдылықтарын сақтау жөніндегі Қазақстан Халықаралық бюросы» ҚБ-нің Батыс Қазақстан облысы бойынша филиал директоры қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шегушілерді қорғау, кінәлілерді жауапқа тарту және жазасыз қалдырмау мақсатында осы бағыттағы заңнаманы жетілдіру, өзара іс-қимыл жасау мәселелерін талқылады.
Заңмен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік жәрдем және көмекті, сондай-ақ отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаны қатайтудың құқықтық тетіктері белгіленген.
Іс-шара барысында қатысушылар қылмыстық қол сұғушылықтан әйелдердің құқықтарын қорғау бойынша қалыптасқан жағдайды шешудің жолдары туралы пікірлерін білдірді. Олар отбасыдағы тұрмыстық зорлық-зомбылық фактілерінің алдын алу және болдырмауға бағытталған бірлескен жобаларды іске асыруда пікірлер және тәжірибе алмасудың маңыздылығын атап өтті.
О.К.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]