Мұғалжар аудандық сотының төрағасы мектеп оқушыларымен кездесу өткізді
Мұғалжар аудандық сотының ұйымдастыруымен Қандыағаш қаласының №3 жалпы білім беретін мектебінің заңгер болуды қалайтын 11-класс оқушыларымен кездесу өтті.
Кездесу шеңберінде сот төрағасы А.Т.Анарбаев оқушылар мен мұғалімдерге сот жүйесінің басым бағыттарына, сот жұмысының маңыздылығы мен күрделілігі, сот жүйесіндегі заманауи технологиялар туралы кеңінен әңгімелеп, сауалдарына жауап берді.
Шара барысында оқушылар сот мамандарының сүйемелдеуімен сот ғимаратына эксурсия жасап, сот отырысы залдарын, соттың мұрағаты көрсетілді. СО АЖ «Төрелік», «Сот кабинеті» АЖ, кеңсе жұмыстарымен таныстырылды.
Іс-шара соңында оқушылар сот ұжымын сәттілік тіледі.
[xfvalue_img]