Береке басы-бірлік
Қазақ халқының өмірлік тәжірибесінде «бірліктің» маңызы орасан зор. Қазақтың «Бірлік бар жерде - тірлік бар» деген қанатты сөзі татулық пен бауырластықтың айғағы. Болашақтың бірліксіз болмайтынын болжай білген бабаларымыз осы қағиданы басты бағыт етіп ұстағандай. Ол атадан балаға мұра болып, әлі де жалғасын тауып келеді. Елбасымыздың жүргізіп отырған сындарлы саясаты мен жастар санасына салған сара жолын әрбір қазақстандық жоғары бағалайды. 1995 жылы құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясы этностар арасындағы татулық пен тұрақтылықты, бірлікті қалыптастыруда елеулі істер тындырып келеді. Әлемдік тәжірибеде ұлттар мен ұлыстарды бір шаңырақтың астына біріктіріп, береке-бірліктің қадір-қасиетін көрсетіп келе жатқан мемлекеттер көп емес. 130-дан астам ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатқан Қазақстан бүгінде әлем елдеріне үлгі-өнеге. Бірлік – баға жетпес басты байлығымыз. Келер күнгі кемел келешекке жетелейтін жарқын жолымыз мызғымас мемлекетіміздің жасампаз тұтастығына тірек болып табылады.
Қазақ елі - ұлтаралық татулықты, конфессияаралық келісімді, өзара түсіністік пен құрмет сезімін, жарастық пен келісімді - қастерлеп сақтай отырып, еркін дамуда. Бүгінгі күні қоғамымыздағы ауызбірлік, тұрақтылық пен туысқандық қарым-қатынас соның нәтижесі деп айта аламыз.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қарым-қатынасты сәтті құра алатынын, этносаралық келісімді қолдап, дамыту және сонымен қатар мемлекеттік құрылыстың проблемаларын шеше алатынын бүкіл әлемге көрсете алды, бұның барлығы жаһандану процестерінің тереңдеген және әлемдегі жалпы тұрақсыздықтың үдей түскен, қауіп және қатердің ескісі қайта көрініп, жаңаның қалыптасқан кезінде көрініс тапты.
Ақмола гарнизоны әскери сотының бас маманы С.Мұхамедрахим
[xfvalue_img]
12 пікір