1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

1 желтоқсан – тұңғыш Президент күні

Өз елін, өзінің кіндік кескен туған жерін, ана сүтімен дарыған туған тілін сүймейтін адам жоқ.  Менің туған елім – Қазақстан. Даласы, таулары биік өр, халқы мейірімді ғажайып өлке.

Республиканың өз алдына дербес мемлекет болып, тәуелсіздігін алғанына биыл 27 жыл толғалы отыр. Осыны ойласам кеудемді үлкен қуаныш сезімі билейді. Өз еліңде бақытты, тыныш өмір сүргенге не жетсін!  Айналамызды қоршаған алыс-жақын елдерде қан төгіс соғыс болып жатқанда, біздің елімізде аспанымыз ашық, халқымыз бейбіт өмір сүріп  жатқанына қуанамын. Сол бейбітшіліктің арқасында уайымсыз, жабырқаусыз қызметімді еркін атқарып жүрген ерікті елдің қызының бірімін. Мен болашаққа нық сеніммен, үлкен үмітпен қараймын.

Тәуелсіздіктің алғашқы жетістігі – халқымыз өз таңдауымен ел Президентін сайлады. Оған үлкен сенім артты, міндет жүктеді. Мұның мәнін біз жақсы түсінеміз.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев  – елге, барша әлемге танылған, өмірдің шытырман жолдарында шыңдалған, болашақты көрегенділікпен саралап, болжай білетін азамат.

Елбасы Тәуелсіздігіміздің 27 жылында Қазақ елін бiр ғасырдың еншісіне де сыймайтын тарихи жолдан алып өтті. Қазақ елі дүниенің төрт бұрышында ең әуелі Назарбаев есімімен танылып. қазақ елі үшін әлемге, болашаққа жол ашып берді.

Тұңғыш Президентіміз "саясаттың ең басты ұстанымы-бірлік" бола алатындығын зерделі зейінмен көкейіне тоқи білді де, Қазақстанның ішкі саясатын ынтымаққа ыңғайландырды. "Бірлігі жеткен ел озады, бірлігі кеткен ел тозады" деген сөзді саралап дөп басып айтқан халқымыз.

Бірлік-біздің барлық жеңістеріміздің қайнар көзі. Бірлік-бар жерде тірлік бар. Осыны әрдайым жадымызда ұстауымыз керек. Ата тарихымыздың тұжырымдарын есте ұстап, шежіре болып айтылар ұлттық ұлағатты, тарихи ақиқатты жас ұрпақтың жадында мықтап сіңіруіміз қажет. Жас ұрпақ жүрегіне сонда жол табамыз, сонда ғана болашағына бағдар бере аламыз"-деген елбасы.

Қазаққа тән ата-бабаларымыздан қалған ар-намыс, жігер-қайрат, қайтпас қанат мұра ретінде келешек ұрпаққа дейін жеткен. Тарихқа үңіле отырып: «Кеше кім едік, бүгін кімбіз, ертең кім боламыз?» - деп ойлансақ бұл - туған елінің, халқының өткені мен келешегіне көз жіберген әрбір азаматтың жүрек түкпіріндегі сөзі.

 Қазақ елі тәуелсіз болса деген арман ұшқын шашса, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Қазақ елінің соңғы жиырма жетi жыл тұтқасын ұстап, туын көтерген тұрлаулы да тұғырлы тұлғасы – тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен әлем мойындаған, жаһанға аты жеткен мемлекетке айналды.

Ұлы Даланың перзенті Нұрсұлтан Назарбаев адамзаттың жаңа дәуірінің саяси дүниесі мен келбетінінің түбірінен өзгеруіне орасан зор үлесін қосып бір ұлттың, бір мемлекеттің мүдделері аясында ғана шектеліп қоймай, жалпы адамазаттың мүддесін ойлаған,  дана Тұлға!

 

   А.Қ.Шынжанова

Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының кеңсе меңгерушісі                 

                                                           

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.