Қазақстандағы гендерлік теңдік
Елімізде гендерлік теңдікке аса көңіл бөлініп келеді. Мұның мақсаты әйелдер қауымының мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, тепе - тендік сақтауға көңіл бөлу болып табылады.
Мұғалжар аудандық сотының қызметкерлері аталған мәселе бойынша іс - шаралар өткізіп отырады. Мәселен, ауланлық соттың бас маманы А.Шекенова аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде кездесу өткізді. Кездесуде қазіргі таңдағы Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялағаннан кейін гендерлік теңдіктің негізгі шарттарын, әйелдер мен еркектердің құқықтарының теңдігін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететінін, әлеуметтік рөлдерді бөлудегі қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты өмірде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ерлерге қарағанда азырақ болатынын айтты.
Елімізде 2017 жылдың қаңтарынан бастап 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру басталып кетті.
Отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы туралы айтқанда, басқа нәзік жанды қауымға елімізде отағасымен арадағы сыйластығын сақтап, ер - азаматын отбасында сыйлап, балаларына үлгі еткен. Ежелден келе жатқан ешқашан құндылығын жоғалтпаған ұлттық дәстүрлерді сақтап, алыс - жақын ағайындардың арасын біріктіріп, ерімен тіл тауысып одақтасқан әйел ешқашан жаман болмағанын үлгі ету керек.
Мемлекет нәзік жанды қауымға барынша жеңілдік жасауда.
Болашақта мемлекеттік қызмет, шағын және орта бизнес саласында жүрген нәзік жанды азаматшаларымызға қызметімен бірге отбасын алып жүру үшін отбасына көңіл бөлуіне мүмкіншілік беру мәселесі де жоспарлануда.
Айта кетерлік жайт, гендерлік теңдік «Ерлер мен әйелдердің тең құқықтарының және тең мүмкіндіктерінің мемлекеттік кепілдіктері туралы» және «Тұрмыстық зорлық - зомбылық профилактикасы туралы» заңдармен реттеледі.
А.Е.Аралбаева
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы
сот отырысының хатшысы
[xfvalue_img]