«Гендерлік теңдік» тақырыбында дөңгелек үстел өтті
Мұғалжар аудандық соты «Гендерлік теңдік» тақырында дөңгелек үстел өткізді. Іс шараға соттың қызметкерлері қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты – гендерлік теңдік саясатының негізгі мазмұны мен принциптерін түсіндіру.
Қатысушылардың алдында соттың судьясы Н.Кендирбаева сөз сөйлеп, өз сөзінде қазіргі таңда Қазақстанның тәуелсіз ел болып жариялағаннан кейін гендерлік теңдігінің негізгі шарттарын бұзбайтынын айтып өтіп, гендерлік теңдігінің негізгі шарттарына тоқталды, әйелдер мен еркектердің құқықтарының теңдігін айтты. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін, әлеуметтік рөлдерді бөлудегі қалыптасқан таптаурындыққа байланысты нақты өмірде әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері ерлерге қарағанда азырақ болатынын атап өтті. Қазақстандағы гендерлік саясаттың өзгеше ерекшелігі, гендерлік жобаның бастамашысы біріншіден мемлекет болып табылады, гендерлік саладағы дамудың үздік және алдын ала шаралар қолдануды талап ететінін, сондай-ақ ерлер мен әйелдердің әлеуметтік теңдігін барлық қоғамдық сала мен қоғамдық санаға қалыптастыруды, бір жыныстың басқа жыныстан басым болуын және гендерлік стереотипті түбімен жою жұмысын жалғастыру керек екенін атап өтті.
Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттері, әйелдерге күш көрсету, неке бұзу және алимент өндіру істері бойынша олардың құқығын қорғау, гендерлік заңнаманың ережелерін жергілікті деңгейде жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Қатысушылар өзекті түйінді сұрақтарды талқылап, пікір алмасып, нәтижесі бойынша ұсыныстар келтірді.
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
1 пікір