Татуласу ынтымақтастықты қалпына келтіреді.

Татуласу ынтымақтастықты қалпына келтіреді.

                   Елбасы тапсырмаларының аясында «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы енгізілді.

         «Ұлт жоспары-реформаларды жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларында  дауларды соттан тыс реттеу жолдарын жетілдіру қарастырылған. Оның нәтижесінде дауларды шешу мәдениеті қалыптасып, моральдық және материалдық шығындар азайып, құқық бұзушылықтың алдын-алады, сонымен бірге сотқа кез келген себеппен бара беру де  азаяды деуге болады.  

         Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының Төрағасы  қоғамдағы татуластыру рәсімдерінің маңыздылығын түсіндіру мақсатында үндеу жариялады. Үндеуде даулар әрбір қоғамда, отбасында, ағайын-бауыр, достар, көршілер арасында да  кездесетінін, даулардың бәрін сотта шешу мүмкін еместігін және дауласқан тараптардың екеуінің  бірдей талабын қанағаттандыра алмайтынын көрсеткен.

         Ата-бабаларымыз дауды бейбіт жолмен шешіп отырған. Дамыған елдерде де сондай  даулардың көпшілігі  сотқа бармай, дауласушы екі жақпен бір ортақ келісімге келіп даулы мәселерін бітім келісіммен  аяқтайды екен.

         Қазіргі кезде азаматтарға заңды түрде дауды сотқа жетізбей оған дейін де, сотта да татуласуы үшін жағдайлар жасауға шаралар алынуда. 

         Азаматтар сотта істі қарау үшін мемлекеттік баж төлеп, заңгерді жалдайды, оған қоса  жол шығыны, сол сияқты  істі қарау белгілі бір уақытты қажет етеді,  әрі  іс қарау нәтижесінде  қандай шешім қабылданатыны да белгісіз.         

         Тараптардың татуласуы үшін кәсіби және кәсіби емес медиаторлардың қызметі қажет. Медиаторлардың міндеті тараптармен келіссөз жүргізу, екеуіне де қолайлы шешім іздеу және ұсыну болып табылады. Татуласудың маңыздылығы оның  тек дауды реттеп қана қоймай, сонымен бірге қарым-қатынасты сақтап, қалпына келтіретіндігі. Сонымен бірге тараптар ерікті түрде  ортақ келісімге келгендіктен сыбайлас  жемқорлыққа да жол берілмейді.

         Медиацияның мақсаты -қос тарапты бірдей қанағаттандыратын және дауласу деңгейін төмендететін өзара тиімді әрі қолайлы келісімге келу. Медиация барысында кінәлілер мен кінәсіздер  тараптары болмайды, себебі медиацияда құқық бұзушылық үшін жазаламайды, қайта адам құқықтары мен бостандығын қорғап, оны қалыпына келтіруді, өзара ынтымақтастықты сақтап, сөйтіп істі сотқа жеткізбеуді мақсат етеді.

         Жоба аясында облыс және  аудандар орталықтарында «Татуласу орталықтары» ашылып, азаматтардың даулы мәселелерін осы орталықтардағы медиаторлардың, нотариустардың, психологтардың және басқа да қажетті мамандардың көмегімен шешу жүзеге асырылуда.

         Сырым  ауданы бойынша да  орталықта  және ауылдық округтерде  кәсіби емес медиаторлар бар және билер кеңесі құрылды. Сол сияқты аудандық сотта бітімгершілік рәсімдерін дамыту үшін тараптарға кездесудің құпиялығын сақтауға  мүмкіндік беретін медиация кабинеті ашылды.

         Соған қарамастан, бұл шаралар нәтижесіз болып  сотқа түскен жағдайда да тараптарға медиация тәртібімен келісімге келу мүмкіндігі қаралған. 

         Қазақстан Республикасының Азаматтық және Қылмыстық процестік Кодекстерінің  талаптарына сай, дауласушы екі  жақтың қалауымен, сот татуласу процесін бастау үшін істің қаралуын кез-келген сатыда тоқтата алады.

         Сотқа талап арыздар түскеннен кейін заң талабымен татуласып келісімге келу жағдайларын соттар тараптарға олардың процессуалдық құқықтарымен қатар түсіндіреді.Соның әсерінен сотта қаралған істер медиация тәртібімен, бітім келісіммен  қысқартылғандары да баршылық, дегенмен   жеткілікті деңгейге жеткен жоқ.   

         Қазақстан Республикасының «Медиация туралы» Заңына сай  судьяның тараптарды медиацияға мәжбүрлеуге құқығы жоқ делінген. Сонымен бірге  тарапқа медиацияға жүгінуге ұсынысты басқа тараптың өтініші бойынша сот жасауы мүмкін. Яғни тараптарды медиацияға жүгіндіру үшін сотқа бір тараптың сондай өтініші болуы қажет.

         Өтініш түспеген  жағдайда сот істің мән-жайларына қарап,  тараптарға істі бітімгершілікпен бітіретін мүмкіндіктері бар екендігін, оның салдарларын түсіндіреді.   

         Ауылдық  жерлерде  дауды сол жерде, ауылдан шығармай-ақ кәсіпқой емес медиаторлардың және билердің қатынасуымен  шешуге мүмкіндік бар. Бұл, өз кезегінде, ең алдымен болмашы даудан ағайынның, ауыл тұрғындарының  арасының ашылмауына септігін тигізеді.

         Кәсіпқой емес медиаторлар медиация­ны тегін жүзеге асырады. Дегенмен, кәсіпқой емес медиатордың да  медиацияны жүргізуге байланысты шығындары бар. Мысалы:  дау қаралатын жерге жол жүру ақысы, тамақтану  және т.б.  шығындары. Осындай шығындарды  өтеу жолдары шешімін таппаған. Сонымен қатар, оларды ынталандыру үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлу мүмкіндігі қаралса да  артық болмас еді. Кәсіпқой емес медиаторға қойылатын талап та аз, тіркелу тәртібі де жеңілдетілген. Сондықтан, заңға кәсіпқой емес медиаторлардың қатысуымен даулар мен жанжалдарды шешу туралы косымша ережені енгізу қажеттігі туындайды.

         Тараптар сотқа жүгінбес бұрын  істі бітімгершілік арқылы шешудің уақыт, қаражат үнемдеуге және адамгершілік қарым-қатынасты сақтау тұрғысынан артықшылықтарын таразылап,  қоғамдағы беделді және құрметке бөленген азаматтардың көмегімен өзара келісімге  келуге шаралар алса, келісімнің нәтижесінде  екі жақта ұтатыны анық екені дәлелденген.

 

Б.Е.Баймуханова

БҚО, Сырым аудандық сотының төрағасы   

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив