Реформалар сот жүйесіне жаңа серпін беруде

Реформалар сот жүйесіне жаңа серпін беруде

Қазіргі уақытта елімізде сот жүйесі жаңа даму кезеңін бастан өткеруде. Жоғарғы Соттың алдындағы жауапты міндетті абыроймен орындау мақсатында атқарылып жатқан сан алуан жұмыстардың аясында электронды сот жүйесін құру, соттарда фронт офистер ашу, судьялардың жүктемесін азайту сияқты нақты шараларды атап өтуге болады.

Ел дамуына сот жүйесі де өз үлесін қосуда. Экономиканың және азаматтардың іскерлік белсенділігімен қатар халықтың сот қызметіне деген сұранысы артып келеді.

«Ұлт Жоспары», «100 нақты қадам»  шеңберіндегі сот реформалары одан әрі жалғасуда.  Сот жүктемесін жеңілдету, судьяларды іріктеу жүйесін жетілдіру, жұмыстың жаңа форматтарын енгізу, электронды сот төрелігін енгізу алдыға қойылып отыр. Жоғарғы соттың тарапынан қолға алынған «Татуласу: сотқа дейін, сотта» жобасы аясында Татуласу кабинеттері ашылуда. Ондағы негізгі мақсат-тараптардың бітімге келтіру. Оның екі жолы бар: бірінші-дауларды сотқа дейін шешу, екіншісі- сотта шешу.

Соттарда, «Виртуалды сот» пилоттық жобасы іске қосылып, заманауи технологиялар қарқынды дамып, «электронды сот төрелігі» жүзеге асырылуда..Кезең кезеңмен электронды форматқа өту, соттардағы жүктемелерді азайтып, өз тиімдігін көрсетуде.

Жыл басында Жоғарғы Сотта «Сот жү­йесінің жеті түйіні» жобасы өмірге еніп, онда дамудың жеті басым бағдарла­масы шоғырландырылды.

Бұл құжат сот жүйесін жақсарту жөніндегі ұсыныс-тілектерінің жиынтығы.

«7 түйін» мен басқа да бастамалар мен жобалар Ұлт Жоспары, «Рухани Жаңғыру» және Елбасының Жолдауын іске асыруға бағытталған.

Соттарда бірнеше пилоттар іске асырылды. Олар идеяларымыздың расында да маңызды, қажет екенін көрсетті.

Осы пилоттардың нәтижесіне сүйене отырып, оншақты заң жоба әзірленді. Олар да қазір мемлекеттік органдарда келісу үстінде.

Реформалар сот төрелігінің бұдан да ашық, айқын әрі халық үшін қолжетімді болуына ықпал етпек. Осының барлығы халықтың соттарға деген сенімін арттыру жөнінде Елбасының алға қойған стратегиялық міндетін шешуге мүмкіндік береді. Осылайша соттар заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ету жөніндегі өзінің рөлін орындайтын болады. Осы ауқымды реформаларды жүзеге асыру, отандық сот жүйесінің сапасын арттырып, жаңа деңгейге көтеретіндігі аян және халықаралық стандарттарға негізделген сот төрелігі ашықтық пен қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

 

 Ақмола гарнизоны әскери сотының судьясы Е.Ибраимов

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 2

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив