Жамбыл облысында жаңа заңнаманы іске асырудың алғашқы дерегі тіркелді

Жамбыл облысында жаңа заңнаманы іске асырудың алғашқы дерегі тіркелді

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында күшіне енген заңдағы жаңа өзгерістерге сәйкес, Қазақстанда мас күйінде көлік жүргізген жүргізушілерге жаза қатаңдатылды.

         Аталған өзгерістерді іс жүзінде қолдану дерегі алғашқы рет Шу ауданында тіркелді. Осы жылдың 15 қаңтарында Шу аудандық полиция бөлімінің инспекторымен бұрын жүргізу құқығынан айырылса да, қайта «орташа» дәрежедегі масаң күйде көлік басқарған 32 жастағы  «Ауди 100» маркалы автокөлігінің жүргізушісі ұсталды.

Жаңа өзгерістерге сәйкес, Қылмыстық кодекстің 346-бабы, 1-бөлігімен (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы) заң бұзушыға өмірбақи көлік құралын басқару құқығынан, сондай-ақ 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген. 

Қазіргі уақытта жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынып, автокөлік айыптұраққа қойылды.

 

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.