4 аудан тұрғыны Қазақстан Республикасының төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.
Шыңғырлау аудандық сотымен төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген талаптарды орындамағаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476-бабының 6-тармағына сәйкес 4 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
Сотпен, аталған азаматтар БҚО бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Батыс Қазақстан облысында коронавирустық инфекцияның (COVID-2019) таралуының алдын алу жөніндегі шараларды күшейту туралы» 2020 жылғы 30 наурыздағы № 5-ПГВР қаулысының 1.4-тармағын бұзып, мемлекеттік органның төтенше жағдай жариялауына қарамастан тұрғын үйлерін тастап, ешбір себепсіз ауыл ішімен жаяу серуендегендері анықталды.
Жаза тағайындау кезінде сот жасалған әкімшілік құқық бұзушылықтың сипатын, кінәлілердің жеке басын, оның ішінде құқық бұзушылыққа дейін және одан кейінгі әрекеттерін, мүліктік жағдайын, жауапкершілікті жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды, құқық бұзушылықтың қоғамдық қауіптілігін ескерді.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
[xfvalue_img]