Төтенше жағдай талаптарын бұзумен 3 іс қаралды
Жаңақала аудандық соты Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 476-бабының 1,6,9-тармағымен төтенше жағдай талаптарын бұзғаны үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы 3 іс қарады.
2020 жылдың 03-04 сәуір күндері, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында 3 тұлғаның, төтенше жағдайдың жариялануына байланысты мемлекеттік орган белгілеген карантин режимін бұзып, жеке көліктердің қозғалысына шектеу қойылғанына қарамастан, аса қажеттілік жағдайлары болмаса да елді-мекендер арасында жүргендері анықталды.
Өз әрекеттерімен құқықбұзушылар Батыс Қазақстан облысының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы БҚО бойынша бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 30.03.2020 жылғы №5-ПГВр қаулысының 1.3 және 1.4 тармақшаларының талаптарын бұзған.
Жасаған құқық бұзушылықтары үшін олар ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1,6,9-тармағымен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.
Жаңақала аудандық сотымен бүгінгі күнге 6 тұлға ҚР ӘҚБтК-нің 476-бабының 1,6,9-тармақтарымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды және барлығына қамаққа алу жазасы белгіленді.
[xfvalue_img]