ӘДЕТ - ҒҰРЫП – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

ӘДЕТ - ҒҰРЫП – ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

         Ұлтты ұлттан ерекшелейтін ол оның тілі, діні және ғасырлардан жеткен рухани темірқазығы саналатын асыл қазынасы - әдет ғұрпы мен салт-дәстүрі. Жер бетіндегі әлем халықтарының бәріне мәлім тән қасиеттердің бірі - адамгершілік, қайырымдылық, мейірімділік және ізеттілік болып келеді. Дүниеге шыр етіп келген сәттен бастап барлық әдет-ғұрыптың, салт - дәстүрдің сусынын бойына сіңіріп, нәріне шомылып өскен ұрпақтың қай жерде де ұлт намысын жоғары қоятыны анық. Жалпы қазақ халқы салт - дәстүрге, әдет - ғұрыпқа бай ел. Салт - дәстүр, әдет – ғұрып нағыз тәрбиенің бастауы. Олай дейтініміз, кезінде ата-әжелеріміздің «Ала жіпті аттама», «Аманатқа қиянат жасама», «Ұрлық-түбі қорлық» деген сөздерін еститінбіз. Бұл сөздердің астында қаншама мән-мағына мен тәрбиелік ұғым жатыр. Аталған сөздер әрбір адам баласының біреудің жолын кеспеуіне, өзгеге кесірін тигізбеуіне, жамандық, қатігездік, зұлымдық және ұрлық жасамауына бағыттайды және жақсы тәрбиеге жетелейді. Дана да дара билеріміз осындай нақыл сөздерді алуан жанжалдарды шешу мақсатында қолданған. Шешендік сөздер арқылы билеріміз жер дауын, жесір дауын, құн дауын бірауыз сөзбен тұсаулаған. Дауласушы тараптарды татуластырып, бір мәмілеге келтірту кезінде дауласушыларға ала жіпті кестірткен. Бұл дегеніміз дауласушылар арасындағы жанжалдың біткенін, тараптардың өзара татуласқанын көрсеткен.

         Сонымен қатар, қазақ халқының дәстүрлі әдет – ғұрып заңдарының жинағы Тәуке ханның «Жеті жарғысында» қазақ хандығының ыдырау қаупіінің тууына байланысты, елдің ауыз бірлігін арттыратын шаралар қарастырылып, қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет еткен. Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысқан. Үш жүздің Төле би, Қазыбек би және Әйтеке билерін жинап, ел ішіндегі дау-жанжалдарды, саяси маңызы бар мәселелерді тиімді әрі әділ шешіп отырған. Мемлекет ішіндегі тұрақсыздық жасағысы келгендерге қатаң жаза қолданып, сыбайластық жасағандарға, парақорлыққа делдал болғандарға қатаң жаза қолданған.

         Ел ішінде қазақтың билері әділ шешімдерімен елді аузына қаратып, дауласушы екі жақтың көңілінен шығып, ел құрметіне ие болған. Даулы мәселелерді қараған кезде, қазақ билері ашықтық принципті басшылыққа алып, екі тарапты татуластырып, бітімгершілікке келтірген. Билердің атағы, абыройы, даңқы әділ шешімдерімен арта түскен. Қазақ қоғамында әділ билердің аты жер жарып, елге тараған. Қара қылды қақ жарған билерді дауласушы тараптар іздестіріп, төрелігін сұрап келген. Сол себептен жанжалдарды шешу үшін дауласушыларға оңтайлы шешім табу мақсатында Мұғалжар ауданында сотқа дейінгі татуласу орталығы мен билер кеңесі ашылды. Билер кеңесінде медиация институтын және Билер кеңесінің қызметін дамыту мәселелерін талқылау бойынша өңірлік кеңестер, мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіру бойынша кездесулер, дауларды шешудің тәсілдерін және медиация мен Билер кеңесі қызметінің дамуының маңыздылығы жөнінде дөңгелек үстелдер өткізіліп отырады. Оған мемлекеттік мекемелер өкілдері, аудандық билер кеңесінің төрағасы, билер кеңесінің мүшелері, ауыл ақсақалдары, сот қызметкерлері қатысып отырады. Сонымен қатар, билер кеңесінің мүшелері өзінің өмірлік тәжірибелеріне сүйеніп, тараптарды татуластыру жолының күрделілігі әр түрлі деңгейдегі жанжалдарды, оның ішінде отбасы дауларын шешуге де көмектесіп отырады. Даулардың түпкілікті шешілуі жанжалдасқан тараптардың бір-біріне деген жағымсыз сезімдері мен реніштерінің қалмауы билер кеңестері жұмыстарының бірегейлігін айқындайды. Мәселен, татуластыру орталығының жанындағы Билер кеңесі бір отбасыны ажырасудан сақтап, ерлі-зайыптыны өзара келісімге келтіртіп, татуластырды. Осылайша, Билер кеңесі сотқа жүгінудің алдын-алып қана қоймай, отбасыны сақтап қалуға ықпал етті.

         Мақаламды аяқтай келе, салт-дәстүрді ұлықтап, әдет-ғұрыпты сақтау бәріміздің борышымыз екендігін айтқым келеді.

        

         Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

19 пікір

  1. аватар
    Olivia 9 сентября 2024 00:40

    баяндауыш қмж 3 дүние жүзі тарихы 5 сынып бжб жауаптарымен 1 тоқсан,
    баяндауыш сабақ жоспары жуан дауысты дыбыс қалай жасалады,
    дауысты дыбыстар тілдің қатысына қарай закон о реабилитации
    и банкротстве рк 2023, закон о банкротстве
    юридических лиц рк географиялық карта анықтама, тақырыптық карта

  2. аватар
    Corine 22 сентября 2024 05:52

    пәрбі деген не, термин сөздер деген не мысалдар ақшаның
    атқаратын қызметтері, ақшаның шығу тарихы центр
    материального обеспечения курск доврачебная помощь это, первая доврачебная
    помощь кратко

    Feel free to visit my web site; өмірзая
    романы қазіргі заманмен салыстыру

  3. аватар
    Concepcion 2 октября 2024 22:45

    еркіндік дәреже саны, гелий еркіндік дәрежесі голограмма, голограмма реклама купить эссе найман мемлекеті, керейіт мемлекеті тыңдалым жанрлары, тиімді тыңдалым

  4. аватар
    Gilbert 11 октября 2024 22:02

    кожаная куртка воняет, как убрать запах с искусственной кожи старинные гадания картинки приснилось что у меня три собаки
    к чему снится сажать ель во сне
    приснилась бывшая жена моего
    мужа

    Review my homepage: знаки зодиака реальность

  5. аватар
    Jude 1 ноября 2024 04:53

    помириться с любимым человеком
    заговор к чему снится машина
    що сниться своя дитина
    с друзьями к чему
    снится что девушка изменила
    своему парню с братом
    люди с первым арканом расклад таро на брак с конкретным человеком

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.