Судьялардың ЕҚжЫҰ жанындағы сұхбаттасуы

Судьялардың ЕҚжЫҰ жанындағы сұхбаттасуы

 

Үстіміздегі жылдың 5-6 наурыз аралығында Өзбекстан Республикасының Самарханд қаласында Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ұйымдастыруымен Орталық Азия мемлекеттерінің соттарының судьяларының қатысуымен Екінші Орта Азиялық судьяларының сұхбаты сарапшылардың кездесуі болды. Осы аталған іс-шараға біздің мемлекеттіміздің атынан бес судья қатысып келген болатын. Оның құрамында: Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының қылмыстық істері жөніндегі сот алқасының судьясы А.М.Нұрбеков, Нұр-Сұлтан қалалық сотының судьясы Ш.Т.Ергалиева, Алматы қалалық сотының судьясы Н.З.Сейтов, Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Б.Мадалиев және БҚО Теректі аудандық сотының судьясы М.Р.Құсайынов болды.

Басты тақырып өз ойын білдіру еркіндігін және Бұқаралық ақпарат құралдарының еркіндігін қорғаудағы сот жүйесінің рөлі. Бірінші мұндай кездесі 2018 жылдың желтоқсан айында Қырғызстан Республикасының астанасы Бішкек қаласында болған. Бұл кездесу сол кездесудің жалғасы болып табылады. Аталған кездесу ең жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған. Кездесуге халықаралық сарапшылар шет елден қазіргі уақытта қызмет атқарып жатырған және доғарыстағы судьялар шақырылған. Атап айтқанда Манфред Даустер Бавария қаласының Жоғарғы Сотының төрағалық етуші судьясы, Кармен Палома Гонсалес Пастор және Хосе Де Ла Мата Амаия Испания ұлттық алқасының судьялары, Виллем Корталс Алтес доғарыстағы Амстердам округтік сотының аға судьясы және Леонид Никитинский Ресей Федерациясының Президентінің жанындағы азаматтық қоғамды дамыту және адам құқықтары жөніндегі кеңестің мүшесі. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының атынан Арлем Дезир, Андрей Рихтер, Софи Геснэ, Елена Чернявска, Джоанна Джинкс, Лусинэ Апресян, Ханс-Ульрих ИМ, Мэттью Лемуан, Лола Махсудова, Нигина Насирова қатысты. Сонымен қатар, Өзбекстан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркіменстан, Тәжікістан мемлекеттерінің атынан 5 адамнан құралған делегация болды. Аталған кездесу Самарқанд қаласында орналасқан Форумдар Сарайында болды. Бірінші ашылу кезінде сөз алған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының атынан Арлем Дезир жиналғандарды күн тәртібімен таныстырып сөз кезегін модератор Л.Никитинскийге жолдады. Ол өз кезегінде сөз кезегін баяндамашылар Кармен Палома Гонсалес Пастор, Хосе Де Ла Мата Амаия және Виллем Корталс Алтеске жолдады. Баяндамашылар жалпы әлемдегі террористік және экстремистік қылмыстар бойынша шығу тарихы және статистикалық ақпараттар сондай-ақ осыған қатысты қылмысты істер бойынша Испания және Нидерланды мемлекеттеріндегі соттардың істерді қарау тәжірибесімен бөлісті. Арасында жиынға қатысушы судьялардың сұрақтарына жауап берді. Түстен кейін жиынның ресми түрде ашылу салтанаты болды. Алғаш болып сөз алған Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Өзбекстан Республикасының атынан тұрақты мүшесі әрі өкілі елші Шерзод Асадов жиналғандарға қош келдің айтып кездесудің маңыздылығын оның тақырыптарына тоқталып өтті. Келесі сөз кезегін Өзбекстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарын қолдау және дамыту қамқоршылар кеңесі қоғамдық қорының төрағасы Комил Алламжонов, осы қордың орынбасары Өзбекстан Республикасының Президенті Ш.М.Мирзиёевтің қызы Саида Мирзиёева, Өзбекстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасының орынбасары Бахтиёр Исаков алды. Содан соң жиналғандарға Самарқанд қаласының әкімдігімен ұйымдастырылған көрме көрсетілді және мәдени іс шаралар концер ұйымдастырылды. Кездесудің келесі күні баяндамашы Манфред Даустер сөз алды. Сонымен қатар, кездесуге қатысушы Орталық Азия бес мемлекетінің атынан Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікістан елдерінің судьялары өздерінің мемлекеттеріндегі сот жүйесінің реформасы туралы баяндама жасады. Аталған баяндаманы біздің мемлекетіміздің атынан Түркістан облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Д.Б.Мадалиев және БҚО Теректі аудандық сотының судьясы М.Р.Құсайынов жасады. Кездесуге жиналушыларға «Сот жүйесінің жеті түйіні» реформасы егжей-тегжейлі түсіндіріліп, жиналғандардың сұрақтарына жауаптар берілді. Қатысушылар біздің елде жүргізіліп жатырған сот реформасына қызығушылықтарын білдіріп, тіпті кейбіреуі арнайы келіп өз көздерімен көргісі келетіндерін айтты.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.