«Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.
Қазақстан Республикасы сот жүйесінің ардагері, Жоғарғы Соттың отставкадағы судьясы, Қаз.ССР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагері, әділет полковнигі, Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданында туылған Ғалихан Айдынғалиұлы Бапаховқа мерей тойлық жасына орай «Жәнібек ауданының құрметті азаматы» атағына иеленді.
Ғалихан Айдынғалиұлы, 1949 жылғы 20 наурызда Жәнібек ауданының Ұзынкөл ауылында дүниеге келген, еңбек жолын 1966 жылы сол Ұзынкөл
ауылында ұстаз, тәрбиеші болып бастаған. Әскери борышын Балтық Теңіз
Флотында өтеп келген соң, Алматы қаласында құрылыста жұмыс жасап, 1978
жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін бітірген. 1978-1995 жылдар арасында Қаз.ССР Мемлекеттік қауіпсіздік органдарында әскери қызметте болды. 1995 жылғы қыркүйектен
2012 жылдың маусым айына дейін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Әскери сот алқасының, қылмыстық істер жөніндегі сот алқаларының судьясы болып абыройлы қызмет атқарып, құрметті отставкаға
шықты.
Ғ.А.Бапахов бірнеше мемлекеттік, ведомстволық, арнайы марапаттарға ие, облысымыздың, ауданның Қауіпсіздік органдарына, Сот саласына кадрлар дайындауға, заңдылықты сақтау жағынан көп тәжірибелік көмек көрсетті.
Ә.Жамантаева
[xfvalue_img]