Парақорлықпен күресу  - парасатты  қоғам  қалыптастыру.

Парақорлықпен күресу - парасатты қоғам қалыптастыру.

«Сыбайлас жемқорлық қоғамға, мемлекеттің конституциялық негізіне қауіп төндіреді,сондықтан онымен күрес   жүргізу- жалпы ұлттық міндет»

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев

 

 

      Адамзатқа  ертеден  таныс  сыбайлас  жемқорлық –заманмен бірге өсіп-өркендеп,қайда мол қаражат,пайда болса,сол жерге тамыр жайып,бүгінге дейін жойылмай отырған  қауіпті кеселдің бірі болып отыр.Басқа да дамушы елдер сияқты,біздің жас мемлекетімізді де жегі құрттай бұл кесел айналып өткен жоқ.

    «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданғаннан бері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер дәйектілікпен жүзеге асырылуда.Осы бағыттағы шаралар мен көкейтесті мәселелерді шешуде заңдылықты жетілдіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.

   Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көтеретін,ең қауіпті түрі-парақорлық.Бірінші кезекте пара берудің себептерін,пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.Яғни пара беруді де,пара алуды да  пайдалы болмайтындай,үлкен қылмыс саналатындай жағдай,қоғамдық сана  қалыптасуы қажет.Парақорлық  мемлекеттік  аппараттың қалыпты қызмет етуіне бөгет болып,билік  және басқару органдарының беделіне нұқсан келтіреді,заңдылық қағидаларын жоққа шығарып,азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделеріне қысымшылық жасайды.Парақорлықтың алдын алу,жолын кесу,ашу және тергеу жұмыстары жоспарлы түрде жүзеге асырып келеді.Бүгінгі таңда әлеуметтік аурудың алдын алу және әшкерелеу үрдісі жылдан жылға өсе түсуде.Дегенмен, бізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің дүниетанымдық,этикалық,рухани аспектілерін жан-жақты  көрсететін тиісті  ақпарат аз. Парақорлықпен  елімізде көбінде-көп  қолында билігі бар,шешім шығаруға,бөліп бергізуге өкілеті жететін қызметкерлер айналысып отырғаны белгілі.

 Сыбайлас жемқорлық дендеген  адамдардың адуындығы мен арсыздығы,олардың  қылмыстық қызметінің  нәтижелері адамгершілік құндылықтарының құнын жояды және қоғамның адамгершілік ұстанымдарын әлсіретеді.

   Адамгершілік,әділдікке сену,этикалық мінез-құлық нормаларын сақтау- қажетті жағдайлар кешенін білдіреді.Егер адамгершілік ережелер кешені жұмыс істемесе,қоғам азғындаған,ал мемлекет –әлсіз болады,егер социум өмірінде  мораль тиісті орын алмаса,азғынданған қоғамның болашағы жоқ.

    Әрбір азамат өзінің конституциялық құқығын қорғауға міндетті,қандай да болмасын «қолы да,жолы да ұзын» адамдар азаматтардың құқығын таптап,заңсыз әрекеттерге баруына  бұқара көпшілік болып жол бермеуіміз тиіс.

   Ежелден әділдікке жүгінген  қаймана халықтың ұрпағы бүгінгідей өз алдына ел болып,еңсесі биік елу мемлекет  қатарына жетуді көздеп отырған шақта сол адами  қалып-парасат биігінен көріну тиіспіз.

 

А.Джоламанова

Шыңғырлау аудандық сот кеңсесінің бас маманы-сот мәжілісінің хатшысы Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.