Әдеп жөніндегі уәкіл Орал қаласының №2 сотында семинар сабағын өткізді
Әдеп жөніндегі уәкіл Орал қаласының №2 сотында семинар сабағын өткізді Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары, әдеп жөніндегі уәкіл Шынар Тұңғатарова Орал қаласының №2 сотының мамандары арасында семинар сабағын өткізді. Семинар барысында Ш.Тұңғатарова әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын негізгі талаптарға тоқталды. Семинарды қорытындылай келе, әдеп жөніндегі уәкіл мамандарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік әдеп қағидаларын қатаң және бұлжытпай сақтау, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдік-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік таныту керектігіне назар аударулары қажет екендігін атап өтті.
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]
23 пікір