Мемлекетік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары
Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс барысындағы басты құралы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (Мемлекетік қызметшілердің әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілді. Ол-жауапкершілік жүгін арттыратын, талаптар ауқымын белгілейтін маңызды құжат. Осы кодекс мемлекеттік қызметшілер өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді. Мемлекеттік қызметшілер өз кезегінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті- Елбасы Н. Назарбаетың саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер өздерінің күнделікті жұмысында қарапайымдылық, әділдік, адалдық секілді принциптерді ұстануы керек. Мемлекеттік қызметшілердің әдептілігі мен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын-алу бірін-бірі толықтыратын фактор болып табылады. Сондықтан мемлекеттік орга ндардың осы бағытта жүйелі түрде жұмыс істеуі бүгінгі күннің басты талабы болмақ. Біз мемлекеттік қызметке кіргенде Әдеп кодексі талаптарымен танысып, шектеу қабылдаймыз. Яғни, қандай жағдай орын алып жатса да, мемлекеттік қызметші ретінде біз, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық танытуға міндеттіміз.
Усканбаев М.
Қылсымтық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери сотының бас- маманы
[xfvalue_img]