Мақсат – сыбайластыққа тосқауыл қою

Мақсат – сыбайластыққа тосқауыл қою

 

         Елімізде жемқорлықпен күрес тоқсаусыз жүргізілуде. Өйткені, Қазақстан мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі де осы сыбайлас жемқорлықпен күрес болып отыр. Жемқорлар жазаланып, жемқорлыққа қатысты заңнамалар да күшейтіліп, жемқорлыққа қарсы күрес бойынша шаралар жүйесі іске асырылып келеді. Сондай-ақ жемқорлықпен күрес еліміздің көптеген бағдарламалық құжаттарында негізге алынатын басымдықтар ретінде айқындалған. Соның дәлелі қоғамның барлық саласына енгізіліп жатқан «Электрондық үкімет» жүйесі арқылы ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ету арқылы жемқорлықтың жолын кесу көзделген.

         Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын айқындайтын ұзақ  мерзімді бағдарламалар бар. Атап өтер болсақ, 2014 жылдың 26 желтоқсанында Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бекітілді.

         Одан соң 2016 жылы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» жаңа заң жүзеге асырыла бастады. Аталмыш заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық қатынастарды реттейді. Сондай-ақ аталмыш заң аясында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекетті басқаруды бақылауға, тұрғындардың тарапынан мемлекетке және оның құрылымдарына сенімін нығайтуға, сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау және оларды болдырмау және де оларды жасаған кінәлі тұлғаларды өз құзыреттілігі шегінде жауапкершілікке тарту секілді әрекеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

         Кейінірек «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» жаңа заң қабылданды, мұнда «Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеті» туралы жеке бап енгізілген. Бұл заң аясында еліміздегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік бабын асыра пайдалануына жол бермеу үшін кешенді құқық жүйе қарастырылған. Жемқорлықпен күресте негізгі нормативтік құқықтық актілері болып табылатын бұл құқықтық құжаттар бүгінгі күні ел игілігі үшін жұмыс істеуде. Сондай-ақ жемқорлықпен күресте көптеген бағдарламалар жасалып, халықаралық тәжірибе алмастырылып, іс-шаралар өткізілуде.

Шын мінінде елдің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісін тежейтін, нарықтық экономиканың құрылуын, инвестициялар тарту процесін тоқтатып, демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіретін жемқорлықпен күрес тоқтамақ та емес.   Сыбайлас жемқорлықпен күресуді күшейту жұмысы үздіксіз жүргізілуде және әрдайым жетілдірілу үстінде.

Әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу механизімінің барлық елдерге тиімді болатын бірегей жинағы жоқ. Әрбір мемлекет қолданатын  сыбайлас жемқорлықпен күресу әдістерінің жиынтығы өзгеше, ол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшелігі мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу тығыздылығына да байланысты өзіндік күрес тәсілі қалыптасады. 

Жалпы, еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің түпкі мақсаты қоғамда оған «мүлдем төзбеушілік» көзқарасты қалыптастыру арқылы оны біржолата жою болып табылады. Бүгінде салада атқарылып жатқан жұмыстар сол түпкі мақсатқа жеткізетініне сенім мол!

 

БҚО Теректі ауданының №2 аудандық сотының төрағасы  Ибрагим Қабылұлы  Ниязғалиев

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.