Жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын-алу
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты БҚО ҚАЖД Пробация қызметі қызметкерлерімен және Орал қаласы Абай полиция бөлімінің инспекторларымен бірлесіп, Еуразия индустриялды-экономикалық колледжінің студенттерімен кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында құқықтық сипаттағы кездесу өткізді.
Іс шараның негізгі мақсаты кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу және болдырмау, құқықтық сауаттылықты арттыру, заңсыз іс-әрекеттер жасаудан қорғау, жас ұрпаққа заңға бағынушы азамат ретінде тәлім-тәрбие беру.
Кездесу барысында соттың кеңсе меңгерушісі Ж.Утегенова әкімшілік және қылмыстық заң нормаларын, соның ішінде кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үй-жайдан тыс ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз жүруге болмайтындығы, ұсақ бұзақылық үшін қолданылатын жазалар туралы түсіндірді.
Бас маман С.Сисенова студенттерге оқу орнында және қоғамдық орындарда ережені ұстану, білімдерін жетілдіруге, адамгершілік және отбасы құндылықтарын басшылыққа ала отырып, заң талаптарын және колледж жарғысын бұлжытпай орындауға сақтауға шақырды.
БҚО ҚАЖД пробация қызметінің инспекторы Б.Сарсенов осы тақырыпқа бағытталған арнайы бейнеролик көрсетіп, әрбір құқықбұзушылық түріне қолданылатын жаза туралы баяндады.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды.
Колледж басшылығы сөз сөйлеушілерді ұйымдастырылған кездесу үшін өз алғыстары мен ризашылықтарын білдіріп, оқу орнын қауіпсіздік ортаға айналдыру мақсатында профилактикалық жұмыстары жалғастырылатынын уәде етті.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]
15 пікір