Медиация – дауларды тиімді шешу үлгісі

Медиация – дауларды тиімді шешу үлгісі

 

Медиация тәртібінде дауда жүрген екі тарап медиатордың білімі мен біліктілігіне, тәжірибесіне сүйене отырып, екі жаққа да пайдалы шешімге ерікті түрде келеді. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық және өзге де құқық қатынастарынан туындайтын, сондай-ақ, онша ауыр емес және ауырлығы орташа қылмыстар бойынша қаралатын дауларға медиация қолданылады. Медиацияның мақсаты дауды шешуде медиацияға қатысушы екі тарапты да қанағаттандыратын нұсқаға қол жеткізу.

Басы ашық нәрсе, медиация институты қазаққа жат емес. Медиацияны көп жағдайда алаш жұртында орын алған ежелгі билер сотымен салыстырады. Оған себеп - медиация бітімгершілік пен ымыраластыққа бағытталған. Заңның жалпы сипаты мен тұжырымдамасы да қазақтың ежелгі заманнан қолданылып келе жатқан билер сотының үлгісі. «Медиация туралы» Заң күшіне енгелі, осы заң туралы сот саласы қызметкерлері мен қарапайым халық арасында жан-жақты түсіндіру  жұмыстары жүріп жатыр. Жеке және заңды тұлғалар қатысатын азаматтық, еңбек, отбасылық, сондай-ақ, аса ауыр емес, ауырлығы орташа қылмыстарға қатысты істерге медиация тәртібін қолданылуда. Алайда, тараптардың бірі мемлекеттік орган болса, оған бұл заңның рәсімі қолданылмайды. Сол секілді сыбайлас жемқорлыққа қатысты, мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы қылмыстарға да бұл тәсіл қолданылмайды. Жеке азаматтар мен жалпы қоғам үшін маңызы жоғары бұл істі жүргізу барысында медиаторлар тараптарда, мемлекеттік органдардан және өзге де лауазымды, жеке тұлғалардан тәуелсіз болады.

«Медиация туралы» Заң бойынша дауларды жеке қарсылық аясынан шығарып, мүдделі пікірталас аясына беру көзделген. Мүдделі азаматтар мен ұйымдарға дауларды сотқа жүгінбестен, сотқа дейінгі сатыда қарау барысында шешу іс-әрекеттерін бір жүйеге келтіру қамтылады. Оның қызметіне нақтырақ тоқталсақ, қырық жасқа толған және кәсіп қой емес медиаторлар тізілімінде тұрған тұлғалар медиатор қызметін кәсіби емес негізде асыра алады. Дауласқанды сөзге тоқтатып, татуластыратын, бітімге келу арқылы шығынның орнын толтыратын қазақтың дала демократиясындағы билердің мәмілегерлік институты өркениеттік  үлгі ретінде қайта оралып отыр.

Сондықтан, ұсақ-түйек келіспеушіліктердің бітімгершілікпен шешілуі қиын істердің сапалы қаралуына ықпал етіп, азаматтардың уақытын үнемдеп, сот барысында орын алатын моральдық, материалдық қиындықтардан құтқарады. Ал жанжалды медиация арқылы сотқа дейін реттеу мәселені шешудің ең тиімді жолы екені сөзсіз.

 

Сабыржан Есжанов

Жаңақала аудандық сотының төрағасы

Батыс Қазақстан облысы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.