Базалық сотта өткен семинар
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотымен азаматтық істер бойынша шешімдерді дайындаудың және түсіндірудің жаңа форматындағы ұсынымдары негізінде семинар өтті. Семинар жұмысына облыстық сот судьясы, оқу бағдарламаларын үйлестірушісі Ерлан Идиров, сот төрағасы Азамат Борамбаев және сот судьялары қатысты.
Баяндама жасай отырып Е.Идиров, іс-шараның сот төрелігінің сапасын арттыруға бағытталғанын, өз кезегінде ол сот беделін нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті, сондай-ақ азаматтық процестегі осы бағыттағы өз тәжірибесімен бөлісті.
Семинар барасында қатысушылар арасында осы бағыттағы сұрақтар талқыланды. Судьялар өз кезегінде аталмыш іс-шараларды тұрақты түрде өткізуге ұсыныс берді.
Іс-шараны ұйымдастырушылар осы үлгідегі жұмыстың тиімді екеніне сенімді және судьялардың біліктілігін арттыруға әсерін тигізетінін атап өтті.
О.Ташимова
Орал қаласының №2 соты
[xfvalue_img]