Базалық сотта өткен семинар
Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының № 2 сотында «Азаматтарды тұрғын үйден шығару және енгізу дауларын қарауда туындайтын сұрақтар» тақырыбында аудандық сот судьяларының аудио-бейне байланыс арқылы қатысуымен семинар өтті. Семинар жұмысын аша отырып сот төрағасы Азамат Борамбаев заң үстемдігін тиімді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырлып отырғанын атап өтті.
Семинар барысында сот судьялары Бақытгүл Баймагамбетова мен Жанар Насырова баяндама жасады және сот практикасынан мысалдар келтірді.
Қатысушылармен тұрғын үй даулары жөніндегі мәселелер талқыланып, статистикалық мәліметтер келтірілді.
Шара соңында қатысушылар кездесудің маңыздылығына тоқталып, өзекті проблемалардың жан-жақты талқыланғанына ризашылық білдірді.
О.Ташимова
Орал қаласының №2 сотының БАҚ-пен жұмысқа жауапты маманы
[xfvalue_img]