Мас күйінде көлік жүргізу
Бәйтерек аудандық сотында ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімі бойынша құқықбұзушы В-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Істің мән-жайына келсек, құқық бұзушы В. 2020 жылдың 10 ақпан күні сағат 21.00 шамасында Бәйтерек ауданы Переметный ауылында алкогольді масаң күйінде Toyota Avalon маркалы көлік құралын басқарған.
Сот отырысында құқық бұзушы В. өзінің әкімшілік құқықбұзушылықты жасағандығы туралы кінәсін толық мойындады.
Сот қаулысымен азамат В. 15 тәулік мерзімге қамауға алу жазасымен қоса 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыру әкімшілік жазасына тартылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Естеріңізге сала кетейік ӘҚБтК-нің 608 бабының санкциялары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру және жеке адам құқықтарының қорғалуын күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 292-VІ ҚРЗ 2019 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңымен қатаңдатылды.
БҚО Бәйтерек аудандық сотының
кеңсе меңгерушісі Т.М.Макишев
[xfvalue_img]
15 пікір