Орал қалалық сотының 2019 жылдың  12 айының жұмыс қорытындылары

Орал қалалық сотының 2019 жылдың 12 айының жұмыс қорытындылары

 

Орал қалалық соты сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту және азаматтардың судьялардың іс-әрекеттеріне жүгінулерін азайту, сот жүйесінде имидждік бағдарламалар мен азаматтардың судьяларға деген сенімін жақсарту жөніндегі саясатты қабылдады.

Өткен жылы Орал қалалық соты 761 қылмыстық істі қарады, оның ішінде 576 (75,6%) іс үкім шығарумен қаралды.

2019 жылдың 12 айында сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша барлығы 20 адам сотталды, оның ішінде 16 адамға, 8 530 000 теңге көлемінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Бүгінгі таңда аталған айыппұлдар толықтай төленді.

Өткен жылы Орал қалалық соты 625 адамға қатысты қылмыстық істерді қарады, жазалау тәжірибесіне талдау бойынша бас бостандығынан айыру жазасы  167 адамға тағайындалды, бас бостандығынан айыру пайызы 26,8% құрады. Ауыр қылмыстар бойынша 145 адам бас бостандығынан айырылды. Орташа ауырлықтағы қылмыстар бойынша 22 адам (13,09%) бас бостандығынан айырылды, өйкені олар: 1) бұрын сотталған, 2) бірнеше қылмыстар жасап, залалды өтемеген, жәбірленушілер бас бостандығынан айыру түріндегі қатаң жазаны талап еткен.

Келісімдік тәртіпте – 153 (20,1%) қылмыстық іс қаралды, үкім шығарумен – 113, тоқтатылды – 0, қайтарылды – 40.

Қысқартылған тәртіпте – 134 (17,6%) қылмыстық іс қаралды, үкім шығарумен – 107, тоқтатылды – 2, қайтарылды – 25.

Бұйрықтық іс жүргізуде – 9 іс келіп түсті.

Электрондық форматта – 248 іс қаралды.

Медиация тәртібі арқылы тараптардың татуласуына байланысты 51 іс тоқтатылды.

Сот жүйесі туралы жағымды қоғамдық пікір қалыптастыру және азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру мақсатында Орал қалалық сотында оқу сабақтары өткізіледі. Соттың жұмысын кеңейту, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында судьялар мен мамандар радиоларда, телебағдарламаларда сұхбат береді, мақалалар жариялайды.

Қылмыстық істерді қарау барысында туындайтын проблемалық мәселелерді талқылау үшін құқық қорғау органдарының, медиаторлардың, адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Судьялардың арасында заңдарда белгіленген мерзімде істерді уақтылы қарау, үкімдердің күшін жою мен өзгертудің себептері жүйелі түрде талқыланады.

 

Орал қалалық сотының төрағасы

 Руслан Нартайұлы ЖҰМАҒҰЛОВ

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.