«Халық экспедициясы» «Тұңғыш Президент жолымен» эстафетасын тапсыру рәсімі
«Халық экспедициясы» «Тұңғыш президент жолымен» атты Қазақстан Халықтары Ассамблеясының жобасы аясында Жәнібек поселкесінде «Халық экспедициясы» эстафетасын Бөкей ордасы ауданынан Жәнібек ауданнына ресми түрде тапсыруы болып өтті.
Салтанатты шара ақын Ғұмар Қараштың ескерткішіне гүл шоғырын қоюдан басталып одан әрі диалогтық бес алаңда жалғасты, онда мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері «Жаңа заманғы Елбасының рөлі мен ерекшілігі және жастарды тәрбилеудегі оның үлесі» деген тақырыпта өздерінің пікірлерімен бөлісті.
Медиация және пікір алмасу:қарым-қатынастар» БҚО ҚХА татуластыру орталығы төрағасы Алуа Ракишеваның басшылығымен мемлекеттік, құқыққорғау органдарының өкілдерінің, медиаторлардың және Билер Кеңесі мүшелерінің қатысуымен дауды бейбіт түрде шешу мәселелері талқыланды.
«Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасының аясында Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметовтың араласуымен Батыс Қазақстан облысы Қазақстан халықтары Ассамблеясы және облыстық әкім аппараты «Қоғамдық келісім» КММ- ның бірлесіп былтыр ашылған Батыс Қазақстан Татуластыру орталығы қоғамда сотсыз дауларды шешу және дауласу деңгейін төмендетуді кеңінен таратуға бағытталуда» деп бастады өз сөзін Алуа Ракишева.
Өз кезегінде Жәнібек аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жанар Кушанова аудандық Татуластыру орталығы жұмысының тәжірибесімен бөлісті. Татуластыру орталығының қызметкерлерінің белсенді жұмыстарының нәтижесінде өткен жылы өздерінің бастмашылығымен Орталыққа келген екі азаматтық даудың өз шешімін тапқанын айтты.
Медиаторлар жұмысының тиімділігі туралы Жәнібек аудандық сотының төрағасы Асель Жамантаевада өз пікірімен бөлісті.
Медиатор ол қандай болуы керек- деген сұраққа жауап берген аудан медиаторы Болат Закарин, өзіне адамдар көмек сұрап келуі үшін медиатор мәселенің мәнін тыңдап, дұрыс түсінуі керек ол үшін медиатор психологтың және педагогтың білімдерін меңгеруі тиіс. Медиатор адамдарды татуластыруға мәжбүрлемейді, керісінше оларға әрқайсысының көзқарасы мен мүдделерін түсінулеріне жәрдемдеседі деді ол.
Пікір алмасуға қатысушылар медиаторлардың кәсіптік деңгейіне азаматтардың күмән келтіруін жою мақсатында Медиация туралы заңдағы «кәсіпқой емес медитор» деген сөздерді, «қоғамдық медиатор» деген сөздермен ауыстыруды, сонымен қатар Орталықтың қызметі туралы жалпы және медиаторлар туралы түрде бұқаралық ақпарат құралдарында тұрақты жарияланымдар, яғни мақалалар мен пресс-релиздерді жасап тұруды ұсынды.
Мәселені қорытындылай келе, шараға қатысушылар медиация институтын одан әрі қарай дамыту, дауларды шешудің баламалы әдістерін насихаттау, сертификатталанатын медиаторларды дайындау сапасын жоғарылату қажеттігін бірауыздан мақұлдады.
А.Жамантаева
Жәнібек аудандық
сотының төрағасы
[xfvalue_img]