Қазақстан Елшісі Мажарстанның Президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Будапештте «Шандор» сарайында Қазақстан Республикасының Елшісі Жәнібек Әбдрашовтың Мажарстан Республикасының Президенті Янош Адерге сенім грамоталарын салтанатты тапсыру рәсімі болды.
Салтанатты рәсімнен кейінгі кездесуде Елші Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Я.Адердің атына ізгі тілектерін жеткізді. Ж.Әбдрашов Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы, ҚР Президенті Қ. Тоқаев үстіміздегі жылғы қыркүйектегі Жолдауында алға қойған елімізді одан әрі реформалау және қазақстандық қоғамды дамыту жөніндегі шаралар туралы айтып берді.
Сонымен қатар тараптар саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін, сондай-ақ халықаралық проблемаларды талқылады. Атап айтқанда, Елші «елдер арасында экономика саласында қажетті шарттық база қалыптастырылғанына, екіжақты институттардың, оның ішінде Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның, Іскерлік Кеңестің, Қазақстан-Мажар Тікелей инвестициялар қорының жемісті жұмысына, «Нұр-Сұлтан-Будапешт» авиақатынасына тоқталып, атап өтті.
Президент Я.Адер екіжақты қарым-қатынастардың жоғары деңгейін атап өтіп, Орталық Азиядағы өзінің сенімді серігі ретінде қарастыратын Қазақстанмен Мажарстанның стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мен дамытуға әзірлігін білдірді.
Кездесу соңында қазақстандық дипломат екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді. Өз тарапынан Президент Я.Адер Қазақстан Елшісін Мажарстандағы дипломатиялық миссиясының басталуымен құттықтап, жұмысына табыс тіледі.
Салтанатты рәсім Будапешттегі Мажарстан Батырлары монументіне гүл шоғын қоюмен аяқталды.
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрлігінің
баспасөз қызметі
[xfvalue_img]
7 пікір