Қоғамдық тәртіпке қатысты әкімшілік құқықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қоғамдық тәртіпке қатысты әкімшілік құқықтарды талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы М.Сисенғали, мамандандырылған әкімшілік сотының судьялары М.Курмашев, А.Кадырова, Б.Нұрмағамбетова, Е.Халыков, Орал қаласы прокуратурасы бөлімінің прокуроры Қ.Гусманова және полиция қызметкерлері қатысты.
Іс-шараны ашқан сот төрағасы Марат Сисенғали қатысушыларды «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен таныстырды.
Ол өз сөзінде соттың қарауынан тыс 63 құқық бұзушылық мемлекеттік органдарға берілгенін, бұл соттың ауыртпалығын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті. Ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау оның ішінде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастаумен байланысты әкімшілік құқықбұзушылықтарды қарау құзіреті Ішкі істер министрлігіне берілгендігіне тоқталды. Сонымен қатар, төраға заңға енгізілген әр түзетулерге нақты тоқталып, пысықтады.
Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың арасында Заңның іс жүзінде жүзеге асырылуы туралы, Заңның жекелеген ережелерін іске қосудың басталу уақыты жөнінде, сондай-ақ құқық қолдану практикасында туындауы мүмкін проблемалық мәселелері бойынша сындарлы пікір алмасу өтті.
Іс-шараның соңында дөңгелек үстел қатысушылары құқықты қолданудың көкейкесті сұрақтарына жауап алды.
Руслан Демеуов
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]