Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы әкімшілік істерді қарау кезінде туындайтын проблемалық мәселелер» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

Іс-шараға мамандандырылған әкімшілік соттың төрағасы М.Қ. Сисенғали, мамандандырылған әкімшілік соттың судьялары Б.Т.Нұрмағамбетова, Е.Е.Халықов, Облыс әкімі аппаратының Терроризмге қарсы комиссия жұмысы бөлімінің басшысы Т.Нығметов, Орал қаласы прокуратурасының прокуроры К.А.Гусманова,        БҚО ПД күзет қызмет бақылау бөлімінің бастығы С.Н.Казенов,  Мемлекеттік күзет қызметі басқарамасының техникалық қызметті ұйымдастыру бөлімінің бастығы А.С.Шектибаев, Мемлекеттік күзет қызметі басқарамасының 1-ші Батальон командирі Р.Т.Кауленов, БҚО ПД күзет қызмет бақылау бөлімінің  ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы М.Б.Султанғалиева, Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы  С.А.Киселев, БҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі А.Гусев қатысты.

Баяндамамен сөз сөйлеген судья Ботагөз Нұрмағамбетова қысқартылған істер санының көбеюіне әкімшілік іс қозғаған лауазымды тұлғалардың әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің іс жүргізу ережелерін бұзуы себеп болғандығын атап өтті.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жетекшілеріне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау кезінде  субъектісін анықтауда жиі бұзушылықтар кездеседі. ӘҚБтК-нің 30-бабының талаптарына сәйкес олар лауазымды тұлға бола алмайды, сондықтанда жауапкершілікке заңды тұлға тартылуы тиіс.

Заңнамада құқық бұзушылық субъектілері жеке адамнан кәсіпкерлік субъектілеріне дейін нақты белгіленген, субъектілердің тізімі  жеке адамнан коммерциялық емес ұйымдарға дейін кеңейтілген.

Сот төрағасы Марат Сисенғали әкімшілік істі қозғау барысында кемшіліктерді жою үшін террористік тұрғыдан осал объектілеріне қосымша нұсқама шығару керектігін айтып, террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша кейбір заңнамалық нормаларды түсіндіріп, шолу жасады.

 «Дөңгелек үстел» барысында, 2018 жылда және 2019 жылдың 9 айында Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында ҚР ӘҚБтК-нің 149-бабымен қаралған істердің статистикалық мәліметтер келтірілді, істерді рәсімдеу және дәлелдеме базасын қамтамасыз ету бойынша кейбір ескертулер бар екендігі айтылып, талқыланды.

«Дөңгелек үстелдің» қорытындысы бойынша жергілікті полиция қызметінің қызметкерлеріне әкімшілік істерді дұрыс рәсімдеу бойынша ұсыныстар берілді.

 

Руслан Демеуов

Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.