Оралдың «Түнгі соты» 2019 жылдың 12 айында 575 әкімшілік істі қарады
Батыс Қазақстан облысының Орал мамандандырылған әкімшілік соты «Түнгі сот» жобасы аясында ағымдағы жылдың 12 айында әкімшілік құқық бұзушылық туралы 575 істі қарады. Олардың 127-сі – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша және 278-сы – ұсақ бұзақылық туралы. Қалғандары алкогольдік ішімдіктер ішуге немесе масаң күйде қоғамдық орындарда болуға, жол-көлік оқиғаларына, ішкі істер органдарының қорғаныс ескертулерін бұзуға, көлікті басқаруға байланысты құқық бұзушылықтарға, жүргізушінің ЖКО-ға байланысты міндеттемелерді, соттың шешімін немесе басқа да сот актісін және атқару құжатын орындамауына қатысты.
Тек 2019 жылдың 19 сәуірде сот жоба аясында 20 іс қарады. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде сот медиацияны кеңінен қолданып келеді. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 51 әкімшілік іс татуласу туралы келісімге келумен аяқталды, осыған байланысты олар бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
Әкімшілік істерді азаматтар үшін қолайлы уақытта қарау оқиғаның салдарын өте қысқа мерзімде жоюға және зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемін алауға мүмкіндік береді.
[xfvalue_img]