Оралдың «түнгі соты» 2019 жылдың 8 айында 544 әкімшілік істі қарады
Батыс Қазақстан облысының Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотымен «Түнгі сот» жобасы аясында ағымдағы жылдың 8 айында 544 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Олардың 122-ы – отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша және 259-і – ұсақ бұзақылық туралы құқық бұзушылықтарға қатысты. Қалған істер алкогольдік ішімдіктер ішкен немесе масаң күйде қоғамдық орындарда болумен, жол-көлік оқиғаларымен, ішкі істер органдарының қорғау нұсқамаларын бұзумен, көлікті басқаруға байланысты құқық бұзушылықтармен, жүргізушінің ЖКО-ға байланысты міндеттемелерді орындамаумен, соттың үкімдерін, шешімдерін немесе басқа да сот актілерін және атқару құжаттарын орындамаумен байланысты болып отыр.
Ағымдағы жылғы 04 маусымында ғана сотпен жоба аясында 24 іс қаралды. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау кезінде сотпен медиация кеңінен қолданып келеді. Мәселен, отбасылық-тұрмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 51 әкімшілік іс тараптардың татуласу туралы келісімге келуімен аяқталды, осыған байланысты іс жүргізу тоқтатылды.
Әкімшілік істерді азаматтар үшін қолайлы уақытта қарау ЖКО байланысты істер бойынша оқиғаның салдарын өте қысқа мерзімде қалпына келтіруге және зақымдалған автокөлік үшін сақтандыру төлемдерін алуға мүмкіндік беретінін атап өту қажет.
«Түнгі сот» жобасының тиідімілігі айқын және сол себепті әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша процеске қатысушылар арасында үлкен сұранысқа ие.
Руслан Демеуов
Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының кеңсе меңгерушісі
[xfvalue_img]
25 пікір