Елордалық сотта әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар талқыланды

Елордалық сотта әкімшілік заңнамадағы жаңашылдықтар талқыланды

Нұр-Сұлтан қаласы сотында өткен «дөңгелек үстелге» қатысушылар Әкімшілік құқық бұзушылық кодекске енгізілген түзетулерді талқылады. Дөңгелек үстел жұмысына Жоғарғы Сот судьясы Ұлбосын Сүлейменова, Жоғарғы Сот жанындағы Департамент басшысының орынбасары Аслан Түкиев, судьялар, прокуратура, полиция Департаменті, ҰҚК шекара қызметі, сақтандыру компаниялары, сот сараптамасының өкілдері, адвокаттар мен медиаторлар қатысты. 

Нұр-Сұлтан қаласы сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қуанышбай Әлжіков сөз сөйлей келе, құқық бұзушылықтардың кейбір құрамдарын уәкілетті органдарға тапсыру, соттарда әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жедел қарау бойынша іс-әрекет алгоритмін әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Кешкі уақытта соттардың жұмыс жасауын айта келе, Ұ.Сүлейменова 2019 жылы «Түнгі сот» жобасының іске асырылуына 27 әкімшілік соттар қатысқанын атап өтті. Республика бойынша 23 316 іс қаралды, бұл жалпы аяқталған істердің 10% құрайды. Жоба елорда, Атырау, Талдықорған, Қарағанды, Павлодар және Екібастұзда ең көп сұранысқа ие болды. «Жекелеген аймақтарда кешкі уақытта жол-көлік оқиғасынан бөлек, қоғамдық тәртіпті бұзу, көші-қон заңнамасы, отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқық бұзушылықтар бойынша істердің қаралуы белсенді жүрді», - деп атап өтті судья.

А.Түкиів сот құзырынан  құқық бұзушылықтардың 63 құрамы уәкілетті органдардың қаралуына берілгенін тілге тиек етті. Құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріске қатысы бар тұлға өтініш  білдірген жағдайда, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс сотта жедел түрде қаралады. Бұдан бөлек, тараптар сот актісінің дереу заңды күшіне енуі туралы өтініш білдіруге құқылы.

Қалалық соттың судьясы Мәдениет Омарбекова мас (алкогольдік, есірткі және одан басқа) күйде көлік құралдарын басқаратын тұлғалардың жауаптылығы жайлы  мәселелерді түсіндірді. Ағымдағы жылғы 11 қаңтардан бастап Әкімшілік құқық бұзушылық кодекстің 608, 613 баптарының санкциялары  көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімін ұлғайта отырып 15 тәулікке қамауға алу түріндегі жазамен толықтырылды. Айталық, мәселен, Әкімшілік кодекстің 608 бабының 1-бөлігінің санкциясы  қамауға алу және көлік құралын басқару құқығынан айыру мерзімін 3 жылдан 7 жылға дейін ұлғайту түріндегі жазамен толықтырылды. 

Елордалық әкімшілік соттың судьялары жеке бастың құқықтарына қол сұғатын, сондай-ақ салық салу, көші-қон аясында жасалатын әкiмшiлiк құқық бұзушылықтарға қатысты жаңашылдықтар жайлы айтып берді.

Кездесуді қорытындылай келе, қатысушылар сәйкес практикалық ұсынымдар әзірледі.

 

Нұр-Сұлтан қаласы сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.