Жаңақала аудандық соты "Құқық бұзушылықты төмендету және алдын алу шаралары" тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел жұмысына аудандық полиция бөлімінің басшылары мен учаскелік инспекторлар қатысты.
Іс-шара барысында қоғамдағы жанжалды төмендету, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау туралы өзекті мәселелер талқыланды.
Дөңгелек үстел барысында кеңсе меңгерушісі А.Искакова өткен жылмен салыстырғанда қылмыстық және әкімшілік істердің келіп түсу статистикасын келтіре отырып, қылмыстық, әкімшілік құқық бұзушылық жасау тенденциясының жоғарылауының салдарын алдын ала зерделеу арқылы және оны төмендетуге, қоғам өмірі мен жалпы мемлекеттің қызметін жақсартуға іс шаралар қажеттілігін атап өтті.
Өз кезегінде, судья М.Шүкіров прокуратура, полиция бөлімі және мемлекеттік органдарымен бірлесіп құқық бұзушылықтардың азаюына ықпал ететің алдын алу жұмыстарын жүргізу туралы, әкімшілік құқық бұзушылықтарды ықпал ететің себептерін анықтау туралы ұсыныс жасады. Сонымен бірге, құқық бұзушылықтардың жолын кесу, полиция бөлімінің тарапынан заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету, құқық бұзушылармен, олардың тумаларымен әңгімелесу өткізіп, уақытылы әрекеттерді жасау, құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсету, аудандық БАҚ-да құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы мақалаларды жариялау туралы жеткізді. Бірлескен алдын алу шаралар қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды төмендететіні және қоғамдағы жанжал деңгейін азайтатыны туралы баяндады.
Дөңгелек үстел аясында қатысушылар құқық бұзушылықтарды төмендету бойынша алдын алу шараларды өткізу бірлескен жұмыстың маңыздылығы мен қажеттілігі туралы ортақ пікірге келді.
Жаңақала аудандық соты
Батыс Қазақстан облысы
[xfvalue_img]