Тиімді кері байланыс жаңғыруға бастар жол

Тиімді кері байланыс жаңғыруға бастар жол

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Кемелұлы 2019 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауда еліміздің қарқынды дамуы мен жаңғыруына бағытталған бірқатар межеленген міндеттерді алға қойды.

Жолдауда ел дамуының жаңа сапалы кезеңіне өту жолында атқарылатын маңызды міндеттердің бірі ретінде халық үніне құлақ асатын мемлекет қалыптастыру көзделді.

Жолдау жарияланған сәттен бастап, Мемлекет басшысының бұқара халықтың мұң-мұқтажына қатысты өтініш-тілектерді жедел қарастыра отырып, билік пен қоғам арасында сындарлы диалог орнату жұмысы қолдау тауып, қолға алынып отыр.

Сот жүйесінің басты қағидаты саналатын ашықтық, жариялылық және қолжетімділік халықпен тиімді кері байланыс орнатуда нәтижелі көрініс тауып отыр.

Қоғаммен сындарлы диалог орнату басты кезекте елдің өркендеуі мен мемлекет тұрақтылығының негізін қалаушы факторлардың бірі болып  саналады.

Сот жүйесінде халықпен кері байланыс орнату бағытындағы үйлесімді жұмыстың жүргізіліп жатқанына бірнеше жылдың жүзі болды.

Ақпараттық технология дамыған заманда заманауи халықтың басым көпшілігі интернет желісі арқылы ақпарат алмасатыны баршамызға мәлім. Интернет желідегі көптеген соттарда қаралған істер бойынша ақпараттардың бұрмалануы, оның халықтың дұрыс қабылдамауы да жиі кездеседі. Осы орайда, халық құлағына түпкілікті ақиқатты ақпаратты жеткізу  сот жүйесіне жүктеледі.

 Халықтың жүйелі ақпаратқа қол жеткізуін қамтамасыз ету, алып-қашпа әңгімелер мен қате тұжырымдарға жол бермеу мақсатында сот жүйесі барлық коммуникациялық құралдарды белсенді түрде қолданады.

Алғашқы кезекте соттың ресми сайтына тоқтала кеткен жөн. Сайт соттың тарихынан бастап, азаматтарды қабылдау кестесі, заңнамалар жинағы, байланыс телефондары, баж төлемдері, істерді қарау кестесі, жаңалықтар айдарына дейін қамтылып, күнделікті қолданыста қажетті ақпараттар жинақталған пайдалы сілтемелерден тұрады.

Бұдан бөлек, соттардың ашықтығы мен обьективтілігін айқындайтын, сот жүйесінің халыққа барынша қолжетімді болуын қамтамасыз ететін сот жүйесіне енгізілген электронды инновациялық жүйелер табысты енгізіліп, нәтижелі көрсеткіштермен қуантып жатқанын да атап өткен абзал.

Тиімді сервистердің бірі ретінде танылған көпке мәлім «Сот кабинеті» электронды сервисі.  Сот кабинеті арқылы кез-келген тұлға  қашықтықтан онлайн түрде сотқа құжаттар тапсыруына, мемлекеттік баж салығын төлеуге, сот процесінің өту тәртібін бақылауға, сот құжаттарын, сондай-ақ сот отырысының электронды хаттамасын, яғни дыбыс-бейне жазбаларды жүктеп алуға мүмкіндігі бар.

Сот кабинеті арқылы рұқсат етілген тиісті санаттағы істер бойынша сот құжаттарымен де танысуға жол ашық,  бар болғаны соттың атауын, сотқа қатысушы тараптардың аты-жөнін терсең болғаны.  

Сот кабинетіне тіркелген адамның жеке кабинеті болады. Дәл сол кабинет арқылы, өзі қатысқан сот ісіне қатысты барлық құжаттармен танысуына, сот актілерін жүктеп алуына болады. Бұл әрине тараптар үшін тегін, тиімді, әрі қолжетімді қызмет көрсетудің, әрі кері байланыс орнатудың бір түрі.

Осы орайда, бейнеконференцбайланыс арқылы да сот процестерін қашықтықтан жүргізуді атап өткен жоқ. Сотқа қатысушы тараптар үшін бұл жүйенің пайдасы қандай?

Уақыттың тапшылығынан, не болмаса басқа қалада, өзге мемлекетте болуына байланысты көптеген тараптар сот отырыстарына қатыса алмай жатады. Жанталасқан заманда тығырықтан шығаратын құрал ретінде бейнеконференцбайланыс және мобильді бейнеконференцбайланыс қолданылады. Яғни кез-келген тарап алдын-ала сотқа өтініш білдіру арқылы интернет желісі арқылы байланысқа шығып, дәйекті дәлелдемелерін келтіріп, сот процесіне қатыса алады. Тарап уақытын да үнемдейді, шығынға да ұшырамайды.

Халықтың соттардың қызметіне қатысты барлық сұрақтар бойынша жүгі­нуге және кеңес алуға ыңғайландырған бірыңғай байланыс орталығының 1401 қысқа нөміріне тегін қо­ңырау шалу мүмкіндігі де берілген.

Халықтың жазбаша берілген талап-өтініштері, әрине ҚР-ның «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңмен реттеледі.  

Алайда, интернет желісі қарқынды дамыған соңғы жылдары белсенді коммуникация құралы «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы да халық өтініштерін, талаптарын білдіріп жатыр. Осы орайда, сот органдары «Facebook» әлеуметтік желісі арқылы халықпен кері байланыс орнату бағыттағы жұмысты алға қойды.

Әр облыстық, не болмаса қалалық соттың «Facebook», «Telegram», «Instagram» әлеуметтік желілерде арнайы парақшалары жұмыс жасайды.  Кез-келген өтініш шұғыл қаралып, тиісті жауаптар жарияланды. Өз кезегінде «Facebook» әлеуметтік желіде сот өндірісіне және өзге де сот жүйесіне қатысты бірқатар арнайы топтар ашылып, жұмыс жасауда. 

Жергілікті соттарда арнайы жауапты мамандар барлық топтарға мониторинг жүргізіп отырады. Әр түскен өтініш немес наразылық егжей-тегжей тексеріліп, зерттеліп, сәйкесінше өтініш білдіруші онлайн түрде жауап алуға мүмкіндігі бар.

Сот өндірісі бойынша туындаған сұрақтар соттардың кеңсесінде енгізілген «Whatsapp» мобильдік қосымшасы арқылы де шұғыл қарастырылатынын айта кеткен жөн.

Әлеуметтік желіде жүргізілетін жұмыстың басты мақсаты  халықтың сауалға дереу жауап алуын қамтамасыз ету болып табылады. Бұл бағыттағы жұмыс  халықпен кері байланыс орнатудың тиімді тетігіне айналып отыр.

Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану үрдісі бірінші кезекте халық үшін тиімді, әрі қолайлы. Аталмыш технологиялар сот өндірісін жеңілдетіп қана қоймай, қағазбастылықтан арылып, азаматтардың уақыты мен қаржысын үнемдеуге, әрі сот жүйесінің серпінді дамуына септігін тигізіп отыр.

Жалпы сот жүйесіне енгізілген инновациялық технлогиялардың барлығы дерлік ашықтық пен қолжетімділік қағидатымен жұмыс жасауға негізделген.

Жолдауда межеленген міндеттер мен тапсырмалар азаматтық қоғамға қолдау көрсетумен қатар,  қоғамдық санада құндылықтардың қалыптасуына, ал сот жүйесінің бағдарлы бағыттағы халықпен кері байланыс орнату жұмысы азаматтардың құқықтық санасының қалыптасуына, олардың сотқа деген сенімділігін нығайтуға септігін тигізеді.

 

 Бахытжан Есенов

Есіл ауданының № 2

аудандық сотының

төрағасы                                                                           

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

9 пікір

  1. аватар
    Caleb 22 сентября 2024 23:40

    адреналин и норадреналин функции,
    катехоламины в моче от 7 до
    16, как оформить детские пособия до 18 лет в казахстане
    стекло 5 мм цена за м2, стекло 2 мм цена балықтар аттары, балык
    турлери аттары

    Here is my web-site назарбаев университет стоимость обучения 2023

  2. аватар
    Autumn 7 октября 2024 12:25

    мұнай газ саласындағы қоршаған ортаны қорғау, мұнай өндірісінің қоршаған
    ортаға әсері қмж бастырылып қалғанда не істеу керек, бастырылу деген
    не 63 жас зейнетке шығу, 63 жас зейнетке шығу құттықтау раушан гүлінің сипаттамасы, раушан
    гүлінің сипаттамасы 2 сынып

    Review my web page :: қазақстандағы экологиялық проблемаларды шешу жолдары

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.