Сот актілерінің сапасын көтеру кезек күттірмейді

Сот актілерінің сапасын көтеру кезек күттірмейді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінің ізденісі мен іркілісін үнемі назарында ұстап, саланы жетілдіруге қатысты мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Биылғы жылдың шілде айында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдаған Мемлекет басшысы сот шешімдерінің сапасын арттырып, азаматтар өтінішін аяқсыз қалдырмауды, судьялар кадрына қойылатын талапты күшейтіп, үміткерлерді іріктеудің ашық механизмін енгізуді тапсырғаны есімізде. Ал қыркүйек айында саланың тоғыз айлық қорытындысы бойынша Жақып Қажыманұлын қабылдаған президент сот жүйесін жетілдіріп, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырудың, судьялар жүктемесін азайтып, сот актілерінің сапасын көтерудің маңызды екенін тағы да тілге тиек етті. Сонымен қатар, президенттің алғашқы Жолдауында да сот актілеріне терең талдау жасау қажеттігін қаперге салынған еді.

Сот актілерінің сапасына ерекше көңіл бөлудің өзіндік мәні бар. Жалпы, сот саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерге сараптама жасағанда ең алдымен азаматтардың пікір-лебізі, сын-ескертпесі басты назарға алынады. Азаматтармен ашық диалог орнатудың арқасында қай жерде олқылық барын, қай тұста кемшілік кездесетінін анықтау оңай. Соңғы жылдары азаматтар арасында жүргізілген сауалнама сот актілерін дайындаудағы біраз кемшіліктің бетін ашып берген болатын. Сот актілеріндегі іркес-тіркес мінгескен мәтіндерді, тілі ауыр сөздерді, заң терминдерін қарапайым халықтың түсінуі қиын еді. Кейде тараптар сот актілерінің мазмұнын түсіне алмай көп қиналады. Осыған орай Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов ұсынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» стратегиялық бағдарламасында «Сапалы нәтиже» деген жоба қолға алынған болатын.

«Сапалы нәтиже» жобасы енгізілмес бұрын Жоғарғы Соттың судьялары мен жоғары саты қызметкерлері республика қазылары шығарған шешімдер арасынан 300-ге жуығын іріктеп, талқыға салған еді. Қолдағы сот актілерін қарап, тексерген топ көпшілік тарапынан айтылатын сын-ескертпелердің дұрыстығына аз уақыттың ішінде көз  жеткізді. Сөйтіп қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша ұсыныстар таразы басына салынды.

 Қашанда сот шешімі – судья жұмысының, білімінің, біліктілігінің көрсеткіші. Сот актілері – қазы қызметінің ең түпкі нәтижесі. Ал ол нәтиженің әділ, сапалы шешілуі ғана емес, тараптарға түсінікті тілде жазылуы да маңызды. Сот шешімі – сот жұмысының айнасы, үшінші биліктің беделін көтеретін, судья қабілетінің талапқа сай екенін аңғартатын тетік. Сондықтан  сот актілерінің дер кезінде жазылуына белгіленген уақытта тараптар қолына табысталуына ғана емес оның тіліне, сауатты ресімделуіне, қарапайым тілмен жазылуына, ойды нақты жеткізе білуіне көңіл аударылуы шарт. Әрдайым тараптар сот актілерінен өз сауалдарына жауап беретін мәтінді көргісі келеді. Бұл өте орынды, қалыпты үрдіс.

Дана халқымыз сөз қадірін ерекше бағалай білген. Сондықтан тауып айтылған бір сөзге тоқтам жасаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытқан баталы елдің нақтылықты, дәлдікті бағалағанына да тарих куә. Рулы елді дүрліктірген дауды бір ауыз сөзбен тоқтатқан данагөй билердің қасиетін дарыту, жолын жалғау бүгінгі қазыларға міндет. Бір өзі судьяның да, прокурор мен адвокаттың да рөлін атқарған дала билерінің ұрпағы өз ойын көркем жеткізуде орашолақ болмаса керек. «Сапалы нәтиже» жобасы билер салған сара жолды үзіп алмай, бүгінгінің қазыларын ұтымды тіркестер қолданып, тараптарды сөзіне иландыра білуге жол ашады.

Осыған орай Жоғарғы Сот тарапынан сот актілерін жақсартуға бағытталған, сапалы құжат әзірлеуге серпін беретін үш нормативтік қаулы жасалған еді. Мұндағы мақсат – халықтың талап-тілегін ескере отырып сот актілерінің жаңа үлгісін әзірлеуге, мазмұнын анықтауға, біркелкі тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. Осы нормативтік қаулыға сәйкес ендігі жерде дайындалған сот актілерінің анық, түсінікті, дәл, нақты жазылуы талап етіледі. Әрбір судья сот отырысында қаралатын  істің қысқаша мазмұнын көрсетіп, даудың туындауына негіз болған басты себепті ашып көрсетсе нұр үсіне нұр болар еді.

Кешегі жазылған сот актілері мен бүгінгі сот актілерін салыстыруға келмейді. Себебі шығарылған сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға және қоғам талабына сәйкес болуы тиіс. Бүгінде сот процестері толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан  көпсөзділікке, қағазбастылыққа орын жоқ. Сондай-ақ жаңа жобада енгізілген тағы бір артықшылық – бүгінде судьялар сот актілерін сауатты әрі  сапалы жазып қана қоймай, оны тараптарға барынша түсіндіреді. Яғни нақты айтқанда судья қарапайым тілмен тараптарға істің мән-жайын, мазмұнын және сот шешімін түсіндіреді.

Осындай талаптың қойылуы судьялардың қосымша ізденуіне, еңбектенуіне, білімін шыңдауына, қабілет-қарымын көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.

Жоғарғы Сот тарапынан сот актілерін түсіндіруге қатысты пилоттық жоба қолға алынғанда әр аймақтан 15 судья өз қалауымен іріктелген болатын. Олар өздеріне жүктелген міндетті үлкен абыроймен атқарды. Халық пен сот арасында алтын көпір орнатылды. Судьялармен  жүргізілген түсіндірме жұмыстардың нәтижесі көп кешікпей-ақ өз жемісін берді. Яғни әр аймақтағы арызданушылардың саны бір айдың ішінде бес есеге төмендеген. Осының өзі тараптармен барынша тең дәрежеде сөйлесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, оған жауап берудің пайдасы қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов 2019  жылды – сот төрелігінің сапасы жылы деп атағанын білеміз. Осы бағытта талмай еңбек ету судьялардың басты міндетті. Бұл жүргізілген пәрменді шаралар халықтың сотқа деген сенімін арттырып, сот төрелігін атқару сапасын жақсартып, соттарды заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ететіні сөзсіз.

 

 

Ақсүйрік Сансызбаева,

Есіл аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

26 пікір

  1. аватар
    Bridgett 2 апреля 2023 22:20

    Excellent items from you, man. I have keep in mind your stuff previous
    to and you're just too great. I really like what you have got right here, really like what you are stating and the way wherein you say it.

    You're making it enjoyable and you still take care of to stay it
    smart. I can not wait to read much more from you. That is really a great website.


    Also visit my blog - Redeem Roblox Gift Card

  2. аватар
    Rocky 7 декабря 2023 12:47

    With havin so much written content do you ever run into any issues of plagorism or copyright infringement?
    My website has a lot of unique content I've either written myself or
    outsourced but it seems a lot of it is popping it
    up all over the web without my permission. Do you
    know any methods to help reduce content from being stolen?
    I'd really appreciate it.

    Here is my web page ... Shanel

  3. аватар
    Soon 25 августа 2024 08:45

    смерть сочетание таро отношения любовь
    снится челоприснилось влюбиться в другогоек
    когда о нем не думаешь сонник
    паук на паутине висит
    защита жилья от порчи рыцарь мечей таро значение характеристика человека, рыцарь мечей в отношениях

  4. аватар
    Leilani 11 сентября 2024 09:31

    диффузия қайда жылдам жүреді, диффузия мысал келтіру кто устроил голодомор
    в казахстане, голодомор в казахстане воспоминания балабақша
    журналдары, балабақша тақырыптары тамара асар апке ани скачать, туған күн тамара асар текст

    Feel free to surf to my blog post; тұлғаны
    сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет аясында тәрбиелеу

  5. аватар
    Enriqueta 16 сентября 2024 03:16

    арман атаман фильм жалпы масса табу,
    масса деген не математика мұғалімге қойылатын талаптар, мұғалімге қойылатын талаптар педагогикалық іскерлік пен қабілеттілік мука цена
    1 кг, мука высший сорт цена 1 кг

    My blog ашық қолжетімді жыртқыш баспагерлерді анықтау

  6. аватар
    Edward 24 сентября 2024 20:56

    көпшілікке қарсы бір арман кітабы яя парк костанай телефон, центральный
    парк костанай баяу орындалатын күй, күй баяу
    скачать сколько получают матери-одиночки в казахстане, сколько получают матери-одиночки в
    месяц

    my webpage :: математика 3 класс алматыкитап
    онлайн

  7. аватар
    Lakeisha 26 сентября 2024 19:50

    денсаулыққа ауыр зиян, 107 бап қылмыстық кодекс кодирование
    от алкоголизма в караганде иванченко, кодирование от алкоголизма в темиртау мың бала патриоттық
    қозғалысы, балалар мен жастардың формальді емес бірлестіктері мұнайшылар күні сценарий,
    кадрлар күнімен құттықтау

    My site - екпін
    түспейтін сөздер мысал

  8. аватар
    Fatima 6 октября 2024 01:37

    701 актив или билайн, 8701 код страны dr ceuracle tea tree cream отзывы,
    dr.ceuracle tea tree purifine 30 cleansing foam отзывы жаратылыстану 6 сынып жұмыс дәптері
    жауаптары, жаратылыстану 2 сынып жұмыс дәптері жауаптары 2022 міржақып дулатов туралы мәлімет,
    міржақып дулатов қалай қайтыс болды

    Here is my web page - ит пен күшік суреті

  9. аватар
    Wilbert 6 октября 2024 13:27

    жылкы туралы макал мател, жылқы малына қатысты мақал мәтелдерді қатыстырып
    жүрек ауруына қолданылатын дәрілер, дәрі дәрмектің зияны соғыстың зардаптары, соғыс зардаптары саяси сапар намазы
    неше ракат, сапар намазы шарттары

    Feel free to visit my webpage - шығармашылық іс әрекеттің ұйымдастыру ерекшеліктері

  10. аватар
    Klara 6 октября 2024 20:18

    темир металл алматы, лидер-металл тараз прайс-лист устав общественной организации,
    устав благотворительного фонда образец рк телефон доверия по защите
    прав человека казахстан, телефон доверия в казахстане everything i wanted + akpen birge, акпен
    бирге скачать ремикс

    Also visit my site ... тастамашы ана кыскаша мазмуны

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.