Сот актілерінің сапасын көтеру кезек күттірмейді

Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев сот жүйесінің ізденісі мен іркілісін үнемі назарында ұстап, саланы жетілдіруге қатысты мәселелерді күн тәртібінен түсірген емес. Биылғы жылдың шілде айында Жоғарғы Сот төрағасы Жақып Асановты қабылдаған Мемлекет басшысы сот шешімдерінің сапасын арттырып, азаматтар өтінішін аяқсыз қалдырмауды, судьялар кадрына қойылатын талапты күшейтіп, үміткерлерді іріктеудің ашық механизмін енгізуді тапсырғаны есімізде. Ал қыркүйек айында саланың тоғыз айлық қорытындысы бойынша Жақып Қажыманұлын қабылдаған президент сот жүйесін жетілдіріп, бірыңғай сот тәжірибесін қалыптастырудың, судьялар жүктемесін азайтып, сот актілерінің сапасын көтерудің маңызды екенін тағы да тілге тиек етті. Сонымен қатар, президенттің алғашқы Жолдауында да сот актілеріне терең талдау жасау қажеттігін қаперге салынған еді.

Сот актілерінің сапасына ерекше көңіл бөлудің өзіндік мәні бар. Жалпы, сот саласындағы жетістіктер мен кемшіліктерге сараптама жасағанда ең алдымен азаматтардың пікір-лебізі, сын-ескертпесі басты назарға алынады. Азаматтармен ашық диалог орнатудың арқасында қай жерде олқылық барын, қай тұста кемшілік кездесетінін анықтау оңай. Соңғы жылдары азаматтар арасында жүргізілген сауалнама сот актілерін дайындаудағы біраз кемшіліктің бетін ашып берген болатын. Сот актілеріндегі іркес-тіркес мінгескен мәтіндерді, тілі ауыр сөздерді, заң терминдерін қарапайым халықтың түсінуі қиын еді. Кейде тараптар сот актілерінің мазмұнын түсіне алмай көп қиналады. Осыған орай Жоғарғы Сот Төрағасы Жақып Асанов ұсынған «Сот төрелігінің жеті түйіні» стратегиялық бағдарламасында «Сапалы нәтиже» деген жоба қолға алынған болатын.

«Сапалы нәтиже» жобасы енгізілмес бұрын Жоғарғы Соттың судьялары мен жоғары саты қызметкерлері республика қазылары шығарған шешімдер арасынан 300-ге жуығын іріктеп, талқыға салған еді. Қолдағы сот актілерін қарап, тексерген топ көпшілік тарапынан айтылатын сын-ескертпелердің дұрыстығына аз уақыттың ішінде көз  жеткізді. Сөйтіп қалыптасқан жағдайды өзгерту бойынша ұсыныстар таразы басына салынды.

 Қашанда сот шешімі – судья жұмысының, білімінің, біліктілігінің көрсеткіші. Сот актілері – қазы қызметінің ең түпкі нәтижесі. Ал ол нәтиженің әділ, сапалы шешілуі ғана емес, тараптарға түсінікті тілде жазылуы да маңызды. Сот шешімі – сот жұмысының айнасы, үшінші биліктің беделін көтеретін, судья қабілетінің талапқа сай екенін аңғартатын тетік. Сондықтан  сот актілерінің дер кезінде жазылуына белгіленген уақытта тараптар қолына табысталуына ғана емес оның тіліне, сауатты ресімделуіне, қарапайым тілмен жазылуына, ойды нақты жеткізе білуіне көңіл аударылуы шарт. Әрдайым тараптар сот актілерінен өз сауалдарына жауап беретін мәтінді көргісі келеді. Бұл өте орынды, қалыпты үрдіс.

Дана халқымыз сөз қадірін ерекше бағалай білген. Сондықтан тауып айтылған бір сөзге тоқтам жасаған. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорытқан баталы елдің нақтылықты, дәлдікті бағалағанына да тарих куә. Рулы елді дүрліктірген дауды бір ауыз сөзбен тоқтатқан данагөй билердің қасиетін дарыту, жолын жалғау бүгінгі қазыларға міндет. Бір өзі судьяның да, прокурор мен адвокаттың да рөлін атқарған дала билерінің ұрпағы өз ойын көркем жеткізуде орашолақ болмаса керек. «Сапалы нәтиже» жобасы билер салған сара жолды үзіп алмай, бүгінгінің қазыларын ұтымды тіркестер қолданып, тараптарды сөзіне иландыра білуге жол ашады.

Осыған орай Жоғарғы Сот тарапынан сот актілерін жақсартуға бағытталған, сапалы құжат әзірлеуге серпін беретін үш нормативтік қаулы жасалған еді. Мұндағы мақсат – халықтың талап-тілегін ескере отырып сот актілерінің жаңа үлгісін әзірлеуге, мазмұнын анықтауға, біркелкі тәжірибе қалыптастыруға мүмкіндік туғызу. Осы нормативтік қаулыға сәйкес ендігі жерде дайындалған сот актілерінің анық, түсінікті, дәл, нақты жазылуы талап етіледі. Әрбір судья сот отырысында қаралатын  істің қысқаша мазмұнын көрсетіп, даудың туындауына негіз болған басты себепті ашып көрсетсе нұр үсіне нұр болар еді.

Кешегі жазылған сот актілері мен бүгінгі сот актілерін салыстыруға келмейді. Себебі шығарылған сот шешімдері қолданыстағы заңнамаға және қоғам талабына сәйкес болуы тиіс. Бүгінде сот процестері толықтай дыбыс-бейне жазу құрылғыларымен қамтамасыз етіледі. Сондықтан  көпсөзділікке, қағазбастылыққа орын жоқ. Сондай-ақ жаңа жобада енгізілген тағы бір артықшылық – бүгінде судьялар сот актілерін сауатты әрі  сапалы жазып қана қоймай, оны тараптарға барынша түсіндіреді. Яғни нақты айтқанда судья қарапайым тілмен тараптарға істің мән-жайын, мазмұнын және сот шешімін түсіндіреді.

Осындай талаптың қойылуы судьялардың қосымша ізденуіне, еңбектенуіне, білімін шыңдауына, қабілет-қарымын көтеруге ықпал ететіні сөзсіз.

Жоғарғы Сот тарапынан сот актілерін түсіндіруге қатысты пилоттық жоба қолға алынғанда әр аймақтан 15 судья өз қалауымен іріктелген болатын. Олар өздеріне жүктелген міндетті үлкен абыроймен атқарды. Халық пен сот арасында алтын көпір орнатылды. Судьялармен  жүргізілген түсіндірме жұмыстардың нәтижесі көп кешікпей-ақ өз жемісін берді. Яғни әр аймақтағы арызданушылардың саны бір айдың ішінде бес есеге төмендеген. Осының өзі тараптармен барынша тең дәрежеде сөйлесіп, оларды толғандырған мәселелерін тыңдап, оған жауап берудің пайдасы қаншалықты жоғары екенін көрсетеді.

Жоғарғы Сот Төрағасы Ж.Асанов 2019  жылды – сот төрелігінің сапасы жылы деп атағанын білеміз. Осы бағытта талмай еңбек ету судьялардың басты міндетті. Бұл жүргізілген пәрменді шаралар халықтың сотқа деген сенімін арттырып, сот төрелігін атқару сапасын жақсартып, соттарды заң үстемдігі мен әлеуметтік әділдікті қамтамасыз ететіні сөзсіз.

Ақсүйрік Сансызбаева,

Нұр-Сұлтан қаласы,

Есіл аудандық сотының судьясы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.