Дүниежүзілік балалар күніне арналған «дөңгелек үстел»
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында «Дүниежүзілік балалар күні» мерекесіне орай дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Орал қалалық прокуратурасы, Орал қаласының ішкі саясат бөлімі, Орал қаласы Абай полиция басқармасының, Орал қаласы Зашаған полиция бөлімінің, Орал қалалық пробация қызметінің, Орал қаласының қорғаншылық және қамқоршылық функцияларын жүзеге асыратын орган өкілдері қатысты.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Ешпанова дөңгелек үстелді құттықтау сөзімен ашып, өз сөзінде балалар құқықтарын қорғау мен мүдделерін қамтамасыз ету, олардың жан-жақты жетілуі, ар-намысын құрметтеу туралы, әлеуметтік қызметтердің өзара іс-қимылдары мәселелеріне тоқталып, психолог пен педагогтардың сот процессінде рөлі маңызды екенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Отбасылық соты» пилоттық жобасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті.
Орал қаласының ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргул Сисенова 2017-2019 жылдарға жоспарланған отбасылық және гендерлік саясат платформасының іске асырудағы ерекшеліктерін атап өтті. «Отбасы құндылықтарын насихаттау», «Жас отбасыларын қалыптастыру мектептерін ұйымдастыру» жобаларын жүзеге асыру барысында туындаған қиындықтар туралы баяндай отырып, жоба аясында жас отбасыларға психолог-маманмен ақысыз көмек көрсету ұйымдастырылғанын мәлімдеді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар отбасы құқықтарына байланысты кәмелетке толмағандар мен отбасын мүдделерін қорғауға қатысты мәселелерді (қамқоршылық және қорғаншылық, ата-аналарға қолданылатын шаралар, меншік туралы даулар және тағы да басқа) талқылап, жетілдіру бойынша ұсынымдар қабылданды.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]