Мемлекеттік тілде сот ісін жүргізу мәселелері бойынша «дөңгелек үстел» өткізілді
БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында сот ісін мемлеекеттік тілде жүргізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге БҚО тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы С.Ганиева, Орал қаласының прокуратурасының бөлім прокуроры А.Зайдулина, ювеналдық полиция бөлімшесінің бастығы полиция капитаны Д. Кидрашев, қорғаншы және қамқоршы органның өкілі Ә.Шотпанова, Теректі ауданы білім беру бөлімінің бас маманы Б.Джумагазиева, БҚО адвокаттар алқасының өкілі Г.Кырыкбаев,БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы Ш.Закарина қатысып өз баяндамаларын оқыды және дөңгелек үстелдің спикері БҚО Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Ж.Ешпанова болды,сонымен қатар шараны өз сөзімен әдемілеп ашты.
Ювенальды полиция бастығы Д.Кидрашев бөлімдегі хаттамаларды қазақ тілінде жүргізу статистикаларымен таныстырды және әкімшілік метериал дайындау кезінде туындайтын қиындықтар туралы айтып өтті. Прокурор А.Зайдулина заң терминологиясын қолданудың қиындықтарына тадау жасады. Барлық қатысушылар іс жүргізу кезінде мемлекеттік тілді қолдану мен оның маңыздылығын және туындайтын мәселелерін талқылады.
Сот ісін жүргізу кезіндегі аудармашыларды процеске қатыстыру,іс жүргізу тілін ауыстыру сынды өзекті мәселелер талқыланды.
БҚО тілдерді дамыту басқармасының өкілі С.Ганиева алдағы жылда қазақ тілін үйреніп жүргендерге шеберлік деңгейін арттыру мақсатында оқу курстарын көптеп ұйымдастыру туралы ұсыныс жасады.
БҚО кәмелетке толмағандардың істері
жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты
[xfvalue_img]
21 пікір