«Мобильді сот кабинеті»
«Мобильді сот кабинеті» сервисіне аударып, ол арқылы тараптар сотқа келмей интернетке қосылған мобильді құрылғы арқылы сот процесіне қатыса алады. Аталған қосымша арқылы отандық сот саласындағы жаңалықтарды көруге мүмкіндік бар, тағайындалған сот отырысы туралы ақпаратты онлайн түрде алу және сот кабинеті веб-сервисі арқылы сот органына жолданған барлық құжаттарды қарау мүмкіншіліктері бар.
Сонымен қатар, «Сот кабинеті» сервисімен Сіз ғаламтор арқылы сотқа электорондық түрде талап арыз, сот отырысының аудио-бейнежазбасын ұсыну туралы өтінішхатпен және басқа да арызбен сотқа электрондық үндеулер бере аласыз. Ол келіп түскен арызды қараудың уақытын қысқартады. Бұдан басқа, сот кабинеті арқылы Сіз үйден шықпай-ақ мемлекеттік баж салығын төлеуге, істердің қарау тізімін, сотқа шақыру туралы хабрламаларды алуға, сот істерін іздеуге мүмкіндігіңіз бар.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта «Сот кабинеті» бағдарламасының мобильдік қосымшасы жұмыс істеуде. Бұл сот жұмысының ашықтығын жетілдіре түседі. Жұртшылықтын сотқа деген сенімін одан сайын арттыру мақсатында осы бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Қорытындылай келе, Қазақстан Республикасының сот жүйесіне жаңа технологияларды еңгізу, халықтың сот төрелігіне қолжетімділігін жоғарылатып, құқықтық қоғамның мүшелеріне және бұқаралық ақпарат құралдарына сот қызметі туралы жедел және ашық түрде ақпарат алуға мүмкіндік беретінін атап өтуі де қажет.
Г.К.Суюнова
Мұғалжар аудандық
сотының бас маманы
[xfvalue_img]