«TrueConf» - уақыт пен сот шығындарын үнемдейді
Ақтөбе облысы соттарында «SMART сот» пилоттық жобасы аясында цифрландыру құрылғылары кеңінен қолданылуда.
Мәселен, Мұғалжар аудандық сотында пилоттық жоба аясында моральдық зиянды өндіру туралы азаматтық іc қаралды.
Талап қоюшының өкілі Ақтөбе қаласынан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимінде қатысты.
Виртуалды бейнеконференцбайланыс арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болды.
Азаматтық істі қарау нәтижесі бойынша сотқа қатысушылар «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында іске қосылған «SMART сот» жобасының жұмысына оң баға берді.
Мұғалжар аудандық сотының бас маманы А.Шекенова
[xfvalue_img]