Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі артып келеді

Ақпараттық технологияларды қолдану тиімділігі артып келеді

Бүгінгі күннің талабы сот ісін жүргізуде ақапараттық технологияларды қолдану, пилоттық жобаларды іске асыру өз тиімділігін арттырып келеді. Кейінгі жылдары сот саласында кеңінен қолданыстағы «Сот кабинеті», «Төрелік», «Талдау форумы», «Ахуалдық орталық» АБФ, ВКС ақпараттық сервистері, электронды сенімхат, мемлекеттік баж салығын төлеу функциялары, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында Ұлт жоспары – «100 нақты қадам» жобасы бойынша сот жүйесінде ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып, өзінің мақсатына жетті деп айтуға болады.

Соның ішінде, Мұғалжар аудандық сотында «Сот жүйесінің 7 түйіні» аясында, «SMART сот» пилоттық жобасы бағдарламасы белсенді іске асырылуда. Бағдарлама соттағы IТ – қызметін жоғары деңгейде қамтамасыз етеді. Осы мәселе цифрландыру арқылы шешімін табуда. Яғни, смартфон ұялы телефонына «TrueCont» арнайы бағдарламасын іске қосып, аталған қосымшаның азаматтарға сотқа бармай-ақ, процеске виртуалды қатысуға мүмкіндік беретін мобильді жүктеме екенін айтып өтуге болады. Яғни, сот отырыстары нақты уақытылы жүргізіліп отырады. Сот отырысына қатысушы тараптарға уақыты мен күні көрсетілген СМС-хабарлама жіберіліп, оларға жолданған соң, бейнеконференцбайланыс арқылы сот отырысы қарала береді. Жауап алған соң, азаматтар өз дәлелдерін білдіреді. Алыстан сөйлесіп отырғаны болмаса, сот отырысы цифрландырудың басты нәтижесі істің жедел қаралуына мүмкіндік туғызуда.

Істерді қашықтықтан қарау тараптардың тікелей сот отырысына қатысуын қамтамасыз етуде қиындық туғызбай, сот төрелігінің тиімділігін арттырып, қарау мерзімін қысқартуға септігін тигізіп жатыр. Атап айтсақ, «TrueCont» қосымшасы көмегімен бейнебайланыс арқылы қатысуға мүмкіндік беретін «SMART сот» пилоттық жобасы аясында 2019 жылда қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша аудандық сотпен бірнеше істер қаралып жатыр.

Мәселен, азаматтық іc бойынша жауапкер Ресей Федерациясының Орынбор қаласынан смартфон арқылы сот отырысына онлайн режимінде қатысты. Виртуалды бейнеконференцбайланысы арқасында сот отырысының қатысушылары бір-бірін көріп, тараптардың дәлелдерін есту мүмкіндігіне ие болды. Азаматтық істі істі қарау қарау нәтижесі бойынша сотқа қатысушылар «Сот жүйесінің 7 түйіні» бағдарламасы аясында іске қосылған «SMART сот» жобасының жұмысына оң баға берді.  

 

Мұғалжар аудандық сотының кеңсе бас маманы А.А.Шекенова

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.