Оралда сот төрелігін атқару кезіндегі мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды

Оралда сот төрелігін атқару кезіндегі мемлекеттік тілді қолдану мәселелері талқыланды

Орал қаласындағы Салтанат Сарайында «Сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асыру мәселелері» тақырыбында аймақтық конференция өтіп, конференция барысында шараның модераторы Бағлан Мақұлбеков батыс өңірінің облыстық сот төрағаларымен, құқық қорғау органдарының, адвокаттар алқаларының өкілдерімен кездесті.

Шараға Жоғарғы Сотының Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина, Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Айгүл Мәлікова, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облысының жергілікті соттары, заңгерлер қауымы және құқық қорғау органдарының өкілдері, барлығы жүзден астам адам қатысты.

Бұл шараның мақсаты мемлекеттік тілді дамыту, «Руһани жаңғыру» бағдарламасы, сот жүйесін жетілдіру және Мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған міндеттерді жүзеге асыру шеңберінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту бойынша шараларды дайындау.

Жоғарғы Соттың судьясы Бағлан Мақұлбеков іс-шараны ашып, еліміздің тіл саясатының негізгі мәселелерімен қатар мемлекеттік тілді дамыту мен нығайтуға, соның ішінде сот ісін жүргізу тіліне әсер ететін бірқатар факторларды атап өтті. Ол сотқа дейінгі іс жүргізу органдарының тілдік қағидатты іске асыруды реттейтін құқықтық нормаларды процестік құжаттарды дайындау кезінде қатаң сақтауға тиіс екендігіне назар аударды. Сонымен қатар ол құжаттардың мазмұнына және лингвистикалық ережелеріне, іске қатысушы, сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарды сапалы аудармамен қамтамасыз етуге ерекше назар аударуға шақырды. 

Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары Нұргүл Қарағойшина сот ісін жүргізуде мемлекеттік тілді қолдану деңгейі әлі де төмен екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл тергеу органдарының қызметкерлері мен адвокаттардың қазақ тілін меңгеру деңгейіне байланысты.       

 Жоғарғы Соты Төрағасының кеңесшісі Айгүл Мәлікова өзінің баяндамасында қылмыстық істерді тергеудегі тіл мәселелеріне тоқталып өтті.

Баяндама жасаған Батыс Қазақстан облыстық сотының төрағасы Бек Әметов облыс соттарымен сот төрелігін жүзеге асыру кезіндегі тіл принциптерінің жағдайына тоқталып, проблемалық мәселелерді, мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту мәселесі бойынша ұсыныстарын ортаға салды.

Сонымен қатар, конференцияда Маңғыстау облыстық сотының төрағасы Ержан Дәулиев, Атырау облыстық соты төрағасының м.а. Манат Көміршінов, Ақтөбе облыстық соты төрағасының м.а. Ермек Қанапиев, БҚО прокуроры Жандос Өміралиев, Ақтөбе облысы Полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов, БҚО Полиция департаменте Тергеу басқармасының бастығы Шерәлі Әбдрахманов, аса маңызды істер жөніндегі аға анықтаушы Артур Әбілхайыров, Заңгерлер Одағының өкілі Естай Рашкалиев, Заңгерлік кеңес палатасының консультанты Дәурен Мұқанов, доғарыстағы судья Ақгүл Қарасаевалар банядама жасады.

Шара соңында конференцияға қатысушылар өз ойларын ортаға салып, пікір алмасып, сот төрелігін мемлекеттік тілде жүзеге асырылуының маңыздылығын атап өтіп, мемлекеттік тілді дамыту және дәріптеуге үлес қосу жөнінде уағдаласып, Жоғарғы Соттың бастамаларын қолдайтындарын білдірді.

 

 

Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив

Негізгі жаңалықтар

Логотип

Портал туралы

Ел мен әлем жаңалықтары!

© 2024 INFOZAKON. Барлық құқықтар сақталған.