Облыстық сотта сот жүйесінде IT-технологияларды қолдануды таныстыру рәсімі өтті
Батыс Қазақстан облыстық сотында КазИИТУ ҒБК-нің құқықтану мамандығының студенттеріне сот жүйесіндегі ақпараттық технологияларды қолдануды таныстыру рәсімі өтті.
Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов, студенттерді қарсы алып, олар үшін сот ғимаратында экскурсия өткізді. Еліміздің сот өндірісіне заманауи технологияларды еңгізілудегі сот жүйесінің құрылымын көрсетті. Қандай сервистер азаматтарға, сот төрелігін жүзеге асырудағы олардың мүдделері мен құқықтарын сақтауды қамтамасыз ете отырып, сот органдарына қолжетімділікті арттырады.
Спикердің айтуы бойынша «Сандық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында, жаңа технологиялар қызметтің барлық саласына енгізілуде және өмір сапасын көтеруге бағытталған, ал ол, өз кезегінде, ақпараттық сервистерді меңгеру және олардың күнделікті өмірде қолдану қажеттілігін туғызды. Қатысушыларға сот процестерінің дыбыс-бейне жазу жүйесінің жұмыс қырларын көрсетті. Сонымен қатар, бейнеконференц байланыс арқылы батыс аумағының аудандық соттарына және тергеу изоляторына қосылып, сот төрелеігін қашықтықта жүзеге асыру мүмкіндігі туралы баяндады.
Басшы айтып кеткендей, жаңа технологиялар соттарға, ҚАЖД мекемесінің ұсыныстарын сотталушыларды жеткізбей ақ қарауға мүмкіндік берді, ал ол қаржылай шығындарды үнемдеп, сотталғандарды жеткізу кезіндегі қауіп қатерден сақтайды.
Шара жұртшылыққа сот төрелігін қолжетімділікті қамтамасыз ететін және сот органдарына арыздар, өтініштер, шағымдар мен өтінімдерді сотқа беруге арналған «Сот кабинеті» сервисін таныстырумен жалғасты. Спикер айтуынша, сот қызметкерлерінің азаматтар мен тікелей байланысты жою негізгі басымдық болып табылады, ал ол жемқорлыққа қарсы күрестің шарты болады. Статистикалық деректерге сәйкес, 2019 жылдың 9 айында«Сот кабинеті» сервисі арқылы БҚО соттарына 15 728 талап арыз, 618 жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, 11 899 әкімшілік істер мен материалдар жолданған. Сотта айтылғандай, сервистің пайдалану аясы кең және жұртшылық арасында өз әйгілігіне ие болып отыр.
Кездесуді аяқтай келе, Н.Қажғанов келген қонақтарға назарлары үшін алғысын білдірді.
Шара ұжымдық фотосуретке түсумен аяқталды.
Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
БҚО. IT технологиялар таныстырылымы
[xfvalue_img]
1 пікір