Оралда Жобалық кеңсе өз жұмысын бастады
«Сот жүйесінің 7 түйіні» жобасын жүзеге асыру шеңберінде Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының №2 сотында жобалық кеңсе ашылды. Іс-шараның ашылу салтанатына облыстық сот төрағасы Бек Әметов, сот алқаларының төрағалары мен судьялар, облыстың Соттар Әкімшісінің басшысы мен қызметкерлері қатысты.
Кеңсенің таныстыру рәсімін Соттар Әкімшісінің басшысы Нұрлан Қажғанов жүргізді. Оның сөзінше, Жобалық кеңсе ашық кеңістік принципі бойынша құрылған, оның негізінде азаматтық заңнама бойынша(талдаулар, қорытулар), сондай-ақ, сот төрелігі мен сот қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жаңа идеялар мен ұсыныстар дайындалады. Сонымен қатар, бұл жерде жобалар бойынша талқылаулар, сот судьялары мен мамандарына арналған семинар-тренингтер өткізілетін болады.
Жобалық кеңсе бағдарламалық мақсаттар мен жоспарларды жүзеге асыруға септігін тигізеді деп күтілуде.Сонымен қатар, жобалық кеңсе базасында сот қызметкерлерінің біліктілігін деңгейін арттыру бойынша оқыту өткізу қарастырылған.
Кеңсе барлық қажетті жиһаздармен, қажетті техникамен, стационарлық қосымшасы бар теледидармен және телефон желісімен жабдықталған.
Шара соңында облыстық сот төрағасы Бек Әметов қызметкерлерге Жобалық кеңсе аясында сот төрелігін жүзеге асырудағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Қанатбаева Н.
Батыс Қазақстан облысы бойынша Соттар Әкімшісінің ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы-баспасөз қызметінің маманы
[xfvalue_img]